ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ОРАСАН ТАБЫСТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДЕ

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ОРАСАН ТАБЫСТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДЕ

Үшінші мегаполис споршылары соңғы уақытта тамаша көрсеткіштерге қол жеткізіп, шаһар мәртебесін одан әрі көтеруде.

Мәселен, Семсерлесуден Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан әлем кубогының шешуші кезеңінде сапы жаттығуы бойынша Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

Құрама сапында қос бірдей жерлесіміз өнер көрсетті. Олар:Ерлік Сертай мен Эльмир Алимжанов.

Командалық жолдаманың арқасында 3 спортшымыз автоматты түрде жеке сайыста да Олимпиада жүлдесіне таласады.

Бұған 1/8 финалда Оңтүстік Корея спортшылары Чехиядан жеңілуі арқасында мүмкін болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы рейтингте ТОП-4 мемлекеттің қатарына кіріп, тікелей лицензия бұйырды.

Одан бөлек, Ақтау қаласында Самбо күресінен 2008-2009 жылы туылған кіші жасөспірім ұл, қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Еліміздің әр өңірінен келген боз кілем шеберлері кіл мықтыны анықтады. Шымкент қаласының спортшылары 4 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте бірінші орыннан көрінді.

1 орын - Пердалы Әбіш, 46 келі

1 орын -Сапар Мөлдір, 54 келі

1 орын -Тұрлыбек Гүлсезім, 65 кг

1 орын -Төлебай Тоғжан, +72 келі

2 орын - Жанахмет Адия, 41 келі

2 орын - Джантурлиева Аружан, 50 келі

2 орын - Абибула Ерасыл, 88 келі

3 орын - Даулетқұл Іңкәр, 47 келі

3 орын - Сарыбай Нурислам, 79 келі

3 орын - Русланұлы Арслан, 88 келі

Айта кетейік, шымкенттіктердің аға жаттықтырушысы Өскенбаев Аманхан болып табылады.

 

Соңғы уақытта шымкенттік таэквондошылар да мәртебелі орыннан көрініп жүр. Мәселен, шымкент қаласында таеквондодан (WT) "ӘКІМ КУБОГЫ" ашық республикалық турнирінің ашылу рәсімі өтті.

Ашылу салтанатына арнайы Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы қатысып, жас спортшыларымызға сәттілік тіледі.
Жарысқа еліміздің барлық аймағынан, сондай-ақ көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінен 1400-ге жуық спортшылар Шымкент төрінде бас қосты. Жарыс балалар, жасөспірімдер және жастар арасында өтуде. Жас таеквондашылар жекелей сында ұлдар (10 салмақ), ал қыздар (10 салмақ) дәрежесінде өнер көрсетсе, ал командалық сында 49 команда жасақталды.
Айта кетейік, "ӘКІМ КУБОГЫ" ашық Республикалық турнирі Шымкент қаласында алғаш рет өтуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...