ШЫМКЕНТ – СПОРТ ОРДАСЫ!

ШЫМКЕНТ – СПОРТ ОРДАСЫ!

Иә, Шымкент – спорт ордасы. Олай дейтініміз үшінші мегаполис спортшылары әлімсақтан өздерін дәлелдеп келеді. Шым шаһардың төрінде спорттың барлық түрінен дүбірлі додалар өтеді. Ал, шымкенттік спортшылар сыртта да жүлделі орындардан көріну «дәстүрге айналып кеткен».

Сөзімізді жандандыру үшін бірнеше мыслға жүгінейік.

Шымкентте триатлоннан ELITE, U23, U19, U17 спринт, U15, U13 супер-спринт қашықтығы бойынша ҚР Чемпионаты басталды. 30-31 наурыз аралығына жоспарланған жарыста жалпы 10 команда, 150 спортшы бақ сынайды. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қаласынан, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облысынан спортшылар келген.

Шымкент қаласы денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов жарыстың ашылу рәсімінде қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталған сайыс спортшыларды алдағы халықаралық тунирлерге іріктейтін жауапты сын болмақ.

Одан бөлек, Алматы қаласында үстел теннисінен 2009 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.

Аталған чемпионатқа еліміздің барлық 20 облысынын 260 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Шымкент құрама спортшылары 2 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.

Атап айтқанда:

Ұлдар жекелей есепте:

1-ші орын - Сәурбай Бақдәулет;

Аралас жұптық разрядта:

1-ші орын - Сәурбай Бақдәулет;

Қыздар жекелей есепте:

2-ші орын - Амангелді Ақниет;

Қыздар командалық есепте:

2-ші орын - Шымкентбай Руана, Амангелді Ақниет, Адильгереева Айназ, Қосар Томирис, Камилжанова Ойдин;

Аралас жұптық разряд:

2-ші орын - Амангелді Ақниет;

Қыздар жұптық разряд:

3-ші орын - Шымкентбай Руана;

3-ші орын - Қосар Томирис;

Жалпы командалық есепте:

Шымкент қаласы - 1 орын;

Қарағанды облысы - 2 орын;

Түркістан облысы - 3 орын.

Сондай-ақ, Шымкентте көркем гимнастикадан ел біріншілігі басталды. Ашылу салтанатында арнайы Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы – Нарымбтов Бахадыр Мәдәліұлы қатысып, жарысқа қатысушы барша жас көркем гимнастшыларға сәттілік тіледі.

Жыл сайын өткізіліп отыратын дәстүрлі жарыста Қазақстанның барлық облысынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 17 команда жасақталып, 400-ден аса спортшы қатысуда. Олар, 2 – жас ерекшелік (І разряд, СШК) бойынша көпсайыс түрінен сынға түседі.

Міне, Шымкент – спорт ордасы деп айтатынымыз осыдан. Мұнда дүбірлі жарыстар тоқтаған емес. Ал, спортшылары жүлдесіз қалған емес.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...