ШЫМКЕНТ ӘКІМДІГІ «ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН БИЛІК» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ҰСТАНАДЫ

ШЫМКЕНТ ӘКІМДІГІ «ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН БИЛІК» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ҰСТАНАДЫ

Шымкенттің әкімі Ғабит Сыздықбеков қабылдауына жазылған 53 азаматтың мәселесін тыңдап, шешімін қарастырды.

Қабылдау барысында мәдениет, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік мақсатта жер телімін заңдастыру мәселелері көтерілді. Тұрғындар қалада туризм салаларына дамытуға қатысты, білім беруде процестерді автоматтандыруға бағытталған жобаларымен қатар жаңа ескерткіштер орнатуға қатысты бастамаларын ұсынды. Қала басшысы мегаполисті дамытуда ұсыныстарын білдірген азаматтарға алғысын айтып, сала басшылары мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары 200-ден аса азаматтың арыз-шағымдарын тыңдап, шешімдерін пысықтады. Ғ.Әбдімәжитұлы азаматтар тарапынан көтерілген әрбір мәселені жіті тыңдап, заң шеңберінде, шұғыл түрде шешім қабылданатынын жеткізді. Сонымен қатар жауаптыларға тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, туындаған мәселелерді шешуде азаматтардың ұсыныстары мен талаптарын ескеруді тапсырды.

Одан бөлек, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбекұлы аудан аумағын аралау барысында “Бозарық” саяжайы Жаңақұрылыс аумағы тұрғындарымен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдады.

Кездесу барысында елді мекен халқын алаңдатып отырған маңызды мәселелер талқыланды. Оның ішінде елді мекеннің инженерлік жүйелерінің проблемасы жиі көтерілді.

Бұл мәселені шешу мақсатында қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, 2023 жылдың III тоқсанында құрылыс жұмыстарын бастады. Бүгінгі таңда электр жарығы бойынша құрылыс жұмыстары (абоненттеу) жүргізілуде.

Ал, ауыз су және табиғи газ жүйесінің құрылысын 2024 жылдың II жартыжылдығында аяқтау жоспалануда. Жобаға сәйкес, “Бозарық”саяжайы жаңақұрылыс аумағындағы 1 200 абонент инфрақұрылымдық жүйемен толық қамтамасыз етілетін болады.

Еске сала кетейік, аталған елді мекенде тұрғын үй-жайлар саны - 1 960, халық саны-8 400, мектептер саны-1 (№131 мектеп, 2000 оқушы), балабақшалар саны-3 (жеке меншік), спорт алаңдарының саны-2.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында...