ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданың әкімі Р.Мыңбаев аудан аумағына қарасты «Бірлік» тұрғын үй кешені, Айбергенов көшесі №7 үй, Тыныбаев көшесі №1 үй тұрғындарының өзекті мәселелері бойынша кездесу өтті.

Кездесуде көтерілген өзекті мәселелер мен тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Әрбір мәселе назарға алынып, жауапты мамандарға тиісті жұмыстарды атқару бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жалпы ауданға қарасты аулаларды, көшелер мен гүлзарларды аралап, тазалығын бақылау басты назарда.

Одан бөлек, Шымкент қаласы Қаратау ауданының басшысы - Рақымберді Жанысбекұлы бекітілген жоспарға сай «Сайрам» тұрғын алабы «Тассай» бөлімшесі тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында елді мекеннің ауыз су, жол жөндеу, жарықтандыру секілді өзекті мәселелері көтерілді.

Өз кезегінде аудан әкімі осы және өзге де мәселелер бойынша айтылған өтініштер мен ұсыныстардың жүзеге асырылуын айтып, қойылған қосымша сұрақтарға жауап берді.

Кездесу қорытындысында аудан басшысы тұрғындардың мәселелерінің ешбірі аяқсыз қалмайтынын, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын айтты.

Еске сала кетейік, аталған бағытта тұрғындармен кездесу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес аудандағы елді мекендерде жүйелі жалғасатын болады.

Әр аптаның бейсенбісі күні сағат 10:00-13:00 аралығында Тұран ауданының әкімі Берік Айдарұлы аудан тұрғындарын мәселелері бойынша қабылдау өткізеді. Аудан әкімі аппаратының мекен-жайы: Байтулы баба 12А.

Сондай-ақ, аудан әкімі аудан тұрғындарының шағымы бойынша орынбасар, бөлім басшылармен бірлесе жиі аралау жұмыстарын жүргізеді. Шалғайда орналасқан Құрсай, Қазығұрт, Ақжар, Ақтас секілді елді мекендерді де жиі аралайды. Атап айтар болсақ, тұрғындар инфрақұрылым және балалар ойын алаңшалары мен көше жарықшамдарын орнату мәселелерін жиі көтереді. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек сұраған тұрғындарға демеушілер тарапынан көмек көрсетіледі.

Берік Айдарұлы жауапты мамандармен бірлесе көше бойында орналасқан нысандар мен қала көркіне, ажарына кедергі келтіретін кемшіліктер бойынша көшені жаяу аралауда. Нәтижесінде, көше бойындағы қоқыстар, ескірген электр бағаналары мен ашық жатқан люктар ретке келтірілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Подробно обсуждены вопросы, касающиеся крушения пассажирского самолёта авиакомпании «Азербайджанские авиалинии» 25 декабря вблизи города Актау в...

Заместитель премьер-министра и глава правительственной комиссии Канат Бозумбаев в беседе с корреспондентом Tengrinews.kz прокомментировал информацию о том, что на Казахстан в...

Президент Маңғыстау облысында болған ұшақ апатынан Қазақстан азаматтары да қаза тапқанына тоқталып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына тағы да...

Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында жүзеге асырылған мектепке дейінгі мекемелерді ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба жоғары...