Қарағанды қаласында өткен «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» форумы интернет-алаяқтықпен күрес және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін арттыру мәселелеріне арналды. Іс-шараға полиция, жергілікті билік және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.
Форумға Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Утеуов пен Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Арман Қайрақбаев қатысып, өңірдегі ахуалмен бөлісті. Жыл басынан бері облыста 800-ден астам интернет-алаяқтық фактісі тіркеліп, 1 миллиард теңгеден астам залал келген. 27 күдікті ұсталды.
Форум аясында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, жастарға заң алдындағы жауапкершілік, алаяқтардың айла-тәсілдері және цифрлық гигиенаның маңызы түсіндірілді. Мұндай іс-шаралар қаржылық сауаттылықты арттыра отырып, азаматтарды заңсыз әрекеттерден қорғауға бағытталған маңызды қадам саналады.