ШЫМКЕНТ: ІШКІ САЯСАТТАҒЫ ІЛКІМДІ ІСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШЫМКЕНТ: ІШКІ САЯСАТТАҒЫ ІЛКІМДІ ІСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін «Жастар ресурстық орталығында» Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды ақпарат агенттігі NO-COMMENT.KZ.
Мәжіліске Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, басқарма басшылары, БАҚ өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің жетекшілері, ардагерлер және белсенді жастар қатысты.
Алдымен басқарма басшысы Бахтияр Өнербаев басқарманың өткен жылы тындырылған тірліктерімен таныстырды.
Баяндамада шаһардың қоғамдық-саяси ахуалы, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс, этносаралық қатынастар, ақпараттық саясатты жүргізу, жастар және отбасы саласы бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері айтылды.
Одан әрі сөз алғандар бірінші идеологияны жандандыра түсу керектігі, сондай-ақ, жастар арасында болып жатқан түрлі келеңсіз жайттар туралы, оның алдын алу туралы өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, ұсыныстар да айтылып, қала әкімінің орынбасарынан айтылған ұсыныстарды ескеруін өтінді.
Соның бірі қалалық мәслихат депутаты Жанар Бектаева ұлтты тәрбиелеуде идеологиялық құрал мықты рөл атқаратындығын айта келе, өзінің осыған қатысты жобасы барын айтып, егер қолдап жатса бөлісетіндігін жеткізді.
–Қазіргі таңда ғаламтордың өмірімізде үлкен рөл ойнауы жастар тәрбиесіне өз әсерін тигізіп жатыр. Әлеуметтік желідегі психолог, коучтардың сөздері әңгімелері тәрбие құралына айналып кеткені жасырын емес. Сондықтан менің ұсынысым жастарымызды, мемлекеттік қызметкерлерді оқытатын психологиялық дәрістер бізге керек. Осы тұрғыда өзімнің арнайы жобамды ұсынып отырмын, –деді Ж. Бектаева.
Алқа мәжілісінің соңында әкім орынбасары Сәрсен Құранбек қорытындылап, талап-тілектерді ескеретінін, айтылған сын-ескертпелерден қорытынды шығарылатынын, алдағы уақытта да басқарманың кеңейтілген алқа жиынын ұйымдастырылып тұратынын айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...