ҚАРТТАРЫМ - АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

ҚАРТТАРЫМ - АСЫЛ ҚАЗЫНАМ
Шымкент қалалық мәдениет үйі «№10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де концерт қойды, деп хабарлайды ақпарат агенттігі NO-COMMENT.KZ.
Қариялар өздері үшін дайындалған тосынсыйға балаша қуанып, өнерпаздарға өз ризашылықтарын жаудырды. Өнер майталмандары дайындаған концерттік бағдарламаға 70 -ке жуық қария қатысты.
Көктемнің шуақты күндерінің бірін көтеркі көңіл күйде өткізуді мақсат еткен өнер ұжымы дәстүрлі халық әндерін әуелете шырқады. Мәдениет майталмандары алда келе жатқан 1-мамыр бірлік күнімен құттықтап қана қоймай, арнайы кеш ұйымдастыруды ұйғарған.
«Шымкент қалалық мәдениет үйі мереке қарсаңында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы емделушілерге концерт қойдық. Қазіргі таңда «Өнегелі ұрпақ» акциясы аясында көптеген жиындар ұйымдастырылуда. Біздегі мақсат қариялардың көңілін көтеру. Келер ұрпақты үлкенді құрметтеуге, ізет көрсетуге дәріптеу,- дейді ұйымдастырушылар.
Бұл концертте өнерпаздар қазаққа белгілі Ш. Қалдаяқов,Халық әндерін, замануи композиторлардың танымал шығармаларын орындады.
Шымкент қаласындағы Тұран ауданында орналасқан №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жауапты мамандары мәдениет ұжымына барша ардагерлер атынан рахмет айтып, алғыс білдірді.
Мұндай іс-шаралар қарттардың көңілін көтеріп қана қоймай, олардың өмірін жаңа әсерлер мен эмоцияларға толтырады. Егде жастағы адамдарға қамқорлық жасау біздің ортақ мұрамыз бен құндылықтарымызға қамқорлық екенін есте ұстаған жөн. Мұндай бастамалар қарттарға қуаныш әкеліп қана қоймай, бәрімізге қоғамымыздың негізін қалаушыларға қамқорлық пен құрмет көрсетудің маңыздылығын еске салады.
Әр адам кез-келген жаста өнер мен қарым-қатынастан ләззат алу мүмкіндігіне лайық және мұндай бастамалар осы құқықты жүзеге асыруға көмектеседі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...