7 қаңтарда сағат 06:20-да таңертең сағат 04:49-да Жұлдыз шағынауданы, Новостройка көшесіндегі жеке тұрғын үйде газ баллонының жарылған. Жарылыс 30 шаршы метр қабырғаның құлауына әкеліп соқты. Үйдің жалпы ауданы – 144 шаршы метр. Оқиғаның алдын ала себебі - қауіпсіздік ережелерін сақтамау.
6 қаңтар күні кешке үй иесі қауіпсіздік техникасын бұзып, баллонды газбен толтырған (50 литрлік газ баллоны толығымен толтырылды), оны үйдің ішіне кіргізген. Түнде газдың иісін сезіп, үй иесі тексерген. Сол кезде байқаусызда электржарығы қосылып (алдын ала нұсқа), жарылыс болған.
Жарылыс нәтижесінде 1985 жылы туған азаматша, екі қол, аяқ және бетінің 23 пайызын 2-3 дәрежелі күйік шалған үй иесі, 2006 жылы туған қызы орташа ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 13 қызметкері мен 3 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 3 қызметкері жұмыс істеді.