Шымкентте Отан қорғаушылар күні аталып өтті

Шымкентте Отан қорғаушылар күні аталып өтті

Бүгін Шымкент қаласының 35748 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 79 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ ақпарат агенттігі.

Салтанатты шараға бригада басшылығы, офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, сарбаздар, сондай-ақ әскери бөлімнің ардагерлері мен әскери отбасылар қатысты.

Іс-шараға әкім Ғабит Сыздықбеков арнайы келіп, әскери бөлімшені аралап, материалдық техникалық базасымен танысты. Мұнан кейін қала әкімі салтанатты жиында Шымкент гарнизонының үздік әскери қызметкерлері мен ардагерлерді арнайы алғыс хатпен марапаттады.

— Құрметті Отан қорғаушылар, сарбаздар! Сіздерді айбынды мерекеміз Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әрбір тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты— ел тыныштығын қорғау. Мемлекет тұтастығын сақтау. Сондықтан да бұл күн Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, әскеріміздің атағын асқақтатып, еліміздің қуатын айғақтайтын күн! Халықтың қауіпсіздігі мен бейбіт өмір жолында адал қызмет етіп келе жатқан әскери қызметшілерге алғысым шексіз, - деді Ғ.Сыздықбеков.

Содан кейін Шымкент қаласы Ардагерлер коалициясының төрағасы, отставкадағы полковник Серік Онбаев құттықтау сөз сөйлеп, алғыс білдірді.

— Осынау мерекеде өз өмірін әскери қызметке арнаған, Отан алдында ант бергендерді құттықтаймын. Отансүйгіштіктің, ар-намыстың, парыз бен батылдықтың, үлгілері ретінде қызмет еткен Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне ерекше алғыс білдіргім келеді,- деді С.Онбаев.

Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, ерекше көзге түскен әскери қызметшілер марапатталды.

Ресми бөлім аяқталғаннан кейін бригаданың әскери оркестрінің солистерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістанда «Мұқағали жолымен…» жүруді мақсат еткен ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Мұқағали Кенжетайұлының шығармашылық кеші өтті, деп...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АӨК әлеуетін күшейту туралы тапсырмасына сәйкес машина-трактор паркін жедел жаңарту және жергілікті ауыл...