ШЫМКЕНТТЕ «АЛТЫН ӨРНЕК» ДИЗАЙНЕРЛЕР МЕН СӘНГЕРЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «АЛТЫН ӨРНЕК» ДИЗАЙНЕРЛЕР МЕН СӘНГЕРЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
25-26 сәуір аралығында Әуезов университетінде Мәдениет және өнер факультеті, Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының ұйымдастыруымен алғаш рет халықаралық «Алтын өрнек» атты дизайнерлер мен сәнгерлер байқауы өтті, деп хабарлайды no-comment.kz ақпарат агенттігі.
Мазмұны бөлек, мәні терең байқау туралы М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма төрағасы – Ректор м.а. Қайрат Нұрманбетов: «ALTYN ORNEK» деп аталатын жас дизайнерлердің халықаралық байқауы елімізде студенттер арасында алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын атап өткім келеді. Бұл жаңашыл көзқарастағы сәнгерлердің шығармашылық әлеуетін қалыптастыруға, жас дизайнерлердің ортасын қалыптастыруға және сән индустриясындағы халықаралық ынтымақтастық аймағын құруға септігін тигізеді. Аты айтып тұрғындай, ең маңыздысы байқау жас ұрпақты этномәдениеттімізді насихаттау мен мәдени құндылықтарымызға құрметпен қарауға баулиды. Халықаралық сайысқа Қазақстанның Алматы, Тараз, Шымкент қаласы және Түркістан облысынан, Өзбекстан (5 ЖОО) және Қырғызстан (2 ЖОО) университеттерінің студенттері белсенді қатысып, 30-дан аса сәнгерлер тіркелген. Әділ қазылар құрамында елімізге танымал киім дизайнерлері бар” – деп атап өтті.
Байқауға Қырғызстан, Өзбекстан және еліміздің көптеген ЖОО-нан жас талантты дизайнерлер бақтарын сынады. Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасының 5 жоғары оқу орнынан 6 киім топтамасы, Қырғызстан Республикасының 2 жоғары оқу орнынан 2 киім топтамасы және Алматы қаласынан 1 киім топтамасы, Қарағанды қаласынан 2 киім топтамасы, Шымкент қаласынан 16 киім топтамасы, Түркістан қаласынан 4 киім топтамасы, Тараз қаласынан 2 киім топтамасы бақ сынады.
Әділ қазылар алқасының сапында педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР дизайннерлер одағының мүшесі Тәңірбергенов Медеубек Жұматайұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Нуртаев Уринбай Нишанбекович, Шымкент қаласы Опера және балет театрының бас дизайнері Даулеталиева Сабира Оразбековна, «Әуезов университеті түлектерінің қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігі директоры, PhD доктор Аубакирова Таслима Сериковна, И.Раззакова атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің оқытушысы Базарбаева Элнура Асылбековна сынды ғалымдар мен өнер майталмандары бар.
Байқау нәтижесінде М.Әуезов атындағы ОҚУ Еркін Аружан Ермаханқызы бас жүлдеге ие болды, ІІ-ші орынды Тұрсынбаева Диана, Мұхтар Жанерке Асылжанқызы, Маутан Гүлдәурен Қайратқызы еншілесе, Қырғызстаннан келген Заманбекова Азиза
Мейманаликызы Айзирек, Түркістандық Рашидова Гүлбану Оспанәліқызы
Досанқұлова Маржан Әбдіжаппарқызы мен
Мәдібек Айгерім Идаханбекқызы сондай-ақ Алматыдан келген Құтбан Асем Бақытқызы және Өзбекстандық Атамуратов Дилшодбек Еркин угли ІІІ-ші орынға тұрақтады. Барлық жеңімпаздар қаржылай сыйақымен марапатталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сенбі, 18 мамыр күні Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеіңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының...