Шымкентте 30 жастағы әйел қылмысын жасыру үшін жүздеген мың теңгені дәретханаға ағызып жіберген

Шымкентте 30 жастағы әйел қылмысын жасыру үшін жүздеген мың теңгені дәретханаға ағызып жіберген

Шымкентке Өзбекстаннан келген 30 жастағы әйел пәтер жалдап, оны ойынханаға айналдырған деп жазды  Azattyq Rýhy  КТК телеарнасына сілтеме жасап. Ал, үйді тінтуге полиция келгенде ол жүздеген мың теңгені дәретханадағы унитазға ағызып жіберген.

Заңсыз казиноға тәртіп сақшылары кіріп келгенде онда жеті адам ойнап отырған. Олар 300 мың теңгедей ақшасын ұтылып үлгеріпті.

Жалдамалы пәтерді 2 баланың анасы кәсіби түрде жабдықтаған. Терезелерін бүркеп, покер столдарын кіргізіпті. Тіпті, бөлмелерде бейнебақылау камералары да болған. Енді ол кемі 500 мың теңгедей айыппұл төлеуі мүмкін.

«Пәтерге кіргенде онда ойнап отырған жеті адамнан бөлек екі бойжеткен болды, олар дилер қызметін атқарған. Олардың бәрі істе куәгер болады. Дилер қыздарға өзбекстандық әйел 5 мың теңгеден беріп отырған. Олар ойынның заңсыз екенін білмедік деп отыр. Алайда, полиция кіріп келгенде олар ақшаның бәрін унитазға ағызып жіберді», - дейді судья Қанат Мылтықбаев.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...