Израиль Сирияға бірнеше әуе шабуылын жасады

Израиль Сирияға бірнеше әуе шабуылын жасады

Израиль сәрсенбіге қараған түні Сирияның оңтүстік-шығысында әуе шабуылдарын жасады. Бұл туралы ria.ru хабарлайды.

«Израиль Дейр-эз-Зор мен Бокемал қалаларындағы аудандарға шабуыл жасады», - деп хабарлады жергілікті Ikhbariya телеарнасы.

Sham FM радиостанциясы Дейр-эз-Зор провинциясының батысы мен шығысында бір уақытта бірнеше жарылыс естілгенін хабарлады. Зардап шеккендер туралы әлі ақпарат жоқ.

Еске салайық, Израиль әскери күштері Сирия аумағына бірнеше рет оқ жаудырды. Олар бұл шабуылды заманға сай қару-жарақтың «жау» қолына өтуіне жол бермеу ниетімен жасағанын айтты. Бұл жерде ең алдымен Башар Асадтың жағында соғысатын, Тегеран басқаратын ливандық «Хезболла» қозғалысы туралы айтылып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...