Шымкентте қайтарымсыз грантқа құжат қабылдау басталады

Шымкентте қайтарымсыз грантқа құжат қабылдау басталады
Шымкентте 20-31 мамыр аралығында 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз гранттың І-ші легі бойынша өтінім беру басталады, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өтінімдер қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады. Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады.
Мемлекеттік грант қаражаты әлеуметтік осал топтар қатарындағы адамдарға ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бизнесін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Өтінім беру үшін қажет:
  • Порталда тіркелу;
  • Грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
  • Порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше бизнес-жоспар жарамайды);
Өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, аудандық мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады.
Төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
  • Еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
  • Қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар адамдар;
  • Өңіраралық қоныс аударушылар;
  • Атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;
  • Мүгедектігі бар баланы (18 жасқа дейінгі бала) тәрбиелеп отырғандар (жұбайы/зайыбы);
  • Асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;
Сонымен қатар, гранттар жұмыссыз немесе жеке мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз жеке кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда және үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты бар халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.
Грант иегері атанған азамат хабарламаны алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде салық органдарында өз қызметін тіркеуге міндетті.
 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Вице-премьер Қанат Бозымбаев, «Astana Group» негізін қалаушысы және төрағасы Нұрлан Смағұлов, «Банк ЦентрКредит» директорлар кеңесінің төрағасы...

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы негізінде Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, ауыл шаруашылығы...