Білім беру ұйымдарының басшылары тағайындалды

Білім беру ұйымдарының басшылары тағайындалды
Шымкент қаласы білім басқармасының интернет-ресурсына (сайтына) 5 мектепке: «А.Аскаров атындағы №77 мектеп-лицейі», «Е.Юсупов атындағы №104 жалпы орта білім беретін мектебі», «Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-лицейі», «№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі», «Жалпы білім беретін №3 кешкі орта мектебі», 4 балабақшаға: «№15 «Жадыра» бөбекжай – бақшасы», «№19 «Қызғалдақ» бөбекжай-балабақшасы», «№51 «Әлихан» бөбекжай-балабақшасы», «№54 «Асыл-Арман» бөбекжай-балабақшасы», 2 арнайы мекемеге: «№3 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кабинеті», «№4 Педагогикалық-педагогикалық түзету кабинеті», 4 қосымша білім беру ұйымдарына: «Балалар өнер мектебі», «Қаратау дәстүрлі өнер мектебі», «Ж.Омарова атындағы №1 балалар саз мектебі», «№4 Сайрам балалар саз мектебі» мекемелерінің директорларының басшыларының бос орын лауазымдарына конкурс жарияланды, деп хабарлайды no-comment.kz ақпарат агенттігі.
Осы аталған жоғарыдағы мекемелерге жалпы саны 39 үміткер құжаттарын тапсырды. Үміткерлердің құжаттары жан-жақты қаралып, конкурстың тиісті кезеңдерінен өтіп, 2024 жылдың 10 мамыр күні ашық түрде өткен комиссия отырысына 8 мекемеге 17 үміткер әңгімелесу кезеңінен өтті.
Әңгімелесу кезеңінің нәтижесі бойынша мына мекемелерге үміткерлер анықталды. Атап айтқанда:
«А.Аскаров» атындағы №77 мектеп-лицейінің директорының бос лауазымына үміткер Уалиханова Кульзина Ерсеитовна анықталды.
«Е.Юсупов» атындағы №104 жалпы орта білім беретін мектебінің директорының бос лауазымына үміткер Рауаилов Бауыржан Мусаевич анықталды.
«Ю.Сареми» атындағы №107 мектеп-лицейінің директорының бос лауазымына үміткер Мусабаев Руслан Сапаралиевич анықталды.
№118 жалпы орта білім беретін мектебінің директорының бос лауазымына үміткер Тугелов Адил Турдыбаевич анықталды.
№15 «Жадыра» бөбекжай-бақшасының меңгерушісінің бос лауазымына үміткер Кожахметова Ақбөпе Ауесхановна анықталды.
№19 «Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасының меңгерушісінің бос лауазымына үміткер бос лауазымына үміткер Абдуллаева Венера Сейдуллаевна анықталды.
«Ж.Омарова атындағы №1саз мектебі» директорының бос лауазымына үміткер Амантаева Ляззат Алтынгалиевна анықталды.
«№4 Сайрам балалар саз» мектебінің директорының бос лауазымына үміткер Умаров Шокирбек Давранбекович анықталды.
Сонымен қатар, үміткерлер анықталмаған мекемелерге қайтадан конкурс жариялау туралы комиссия шешім шығарды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Кеше Екатеринбургте «ИННОПРОМ» XV халықаралық өнеркәсіптік көрмесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық...