Ескі Түркістан қалашығында аршылып зерттелген металл өндіру цехы

Ескі Түркістан қалашығында аршылып зерттелген металл өндіру цехы
Түркістан қаласында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жұмыстардың бірі «Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын реставрациялау» жобасы болып табылады. Бұл жобаның негізгі мақсаты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының аумағында кешеңді тарихи-археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу және аршылып зерттелген тарихи нысандарды аспан асты мұражайына айналдыруға бағытталған.
Ескі Түркістан қалашығында 2021 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде металл өндіру цехы орны анықталып, аршып зерттелінді. Археологиялық қазба жұмыстары нысанның көлемдері әр-түрлі болатын 24 бөлмеден тұратындығы және бөлме қабырғалары шикі кірпіштен қаланғандығы анықталған. Сонымен қатар, әр-түрлі металл қорытатын пеш орындары аршылған. Мұнда металл өңдеу процесінің темір рудасын байытудан бастап, болат пен шойынды алуға дейін жалғасатын пештер болып келеді. Осы пештерде металл балқытылып, ауыл шаруашылығына пайдаланатын құрал саймандар мен қара темірді қамырша илеп қару-жарақ, ер-тұрман, зергерлік әшекей бұйымдар жасалынған. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде бұл тарихи нысан ХVІІІ-ХІХғғ. жататындығы анықталды.
 
М.Тұяқбаев, т.ғ.к., "Әзірет сұлтан" музей-қорығының  археолог.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...