ҚР ОСК аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері үшін онлайн оқыту семинарын өткізді

ҚР ОСК аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері үшін онлайн оқыту семинарын өткізді

 

2024 жылғы 29-30 сәуірде ҚР Орталық сайлау комиссиясы Электоралдық оқыту орталығының базасында аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері үшін «Аумақтық сайлау комиссияларының қызметіндегі құжат айналымы» тақырыбында онлайн оқыту семинарын өткізді, деп хабарлайды no-comment.kz ақпарат агенттігі. 

Оқыту курсының мақсаты - электрондық құжат айналымы жүйесінің негіздері және оны қолдану практикасы бойынша сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін арттыру.

Құжат айналымы мәселелері бойынша шақырылған сарапшылар Л.Е.Абуева, Г.К.Кожахметова, Р.Ж.Таханова тыңдаушыларға «DOCUMENTOLOG» және «E-OTINISH» жүйелеріндегі аумақтық сайлау комиссиялары жұмысының негізгі принциптерін жеткізді, электрондық құжат айналымын ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық негіздерді түсіндірді. Дәріскерлер қатысушылардың назарын құжаттарды дайындау мен ресімдеуге қойылатын негізгі талаптарға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, өкімдік құжаттарды ресімдеуге, ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударды.

АСК мүшелерінің кіріс және шығыс құжаттамаларымен жұмыс істеу тәжірибесі, оның ішінде тиісті электрондық жүйелерде тіркеу тәртібі кезең-кезеңімен қаралды.

Семинарда сондай-ақ істерді жүйелі есепке алу, номенклатураны жасау, мерзімдерді анықтау, сақтау қауіпсіздігі, құжаттарды мұрағатқа беру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Талқылау барысында курс тыңдаушылары барлық қызықтырған сұрақтарға жауап алды, пікір алмасты, сайлау комиссияларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша бірыңғай алгоритм әзірленді.

Екі күндік семинарды қорытындылай келе, тыңдаушылар оқыту курсы тақырыбының өзектілігін атап өтті, онда әр өңірден келіп түскен барлық мәселелер егжей-тегжейлі қаралды. Курс ұйымдастырушылары келіп түскен ұсыныстарды, ұсынымдарды бақылауға, зерделеуге, пысықтауға алды, олардың нәтижелері сайлау комиссияларына жеткізілетін болады.

Семинарға тұрақты кәсіби негізде өкілеттіктерін жүзеге асыратын облыстық, аудандық, қалалық АСК-ның 245 мүшесі қатысты. Оқу ұзақтығы 16 академиялық сағатты құрады, оқыту қонақтық дәрістер, презентациялар, brain-storm, case-study форматында өтті, бұл практикалық білім мен дағдыларды қалыптастыруға, кері байланыс пен оң жауаптар алуға мүмкіндік берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ