90 жастағы актердің алтыншы баласы өмірге келді

90 жастағы актердің алтыншы баласы өмірге келді

Жақында ғана 90 жасқа толған ресейлік актер Иван Красконың алтыншы баласы өмірге келді жазды KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, танымал актердің алтыншы баласы өмірге келгені туралы ақпарат Первый каналдағы «На самом деле» бағдарламасында белгілі болған. Краско бағдарлама эфирінде қызды болғанын айтқан. Нәресте 2020 жылдың 4 желтоқсанында дүниеге келген. «Егер махаббат болса баланың өмірге келуіне ешнәресе кедергі бола алмайды», - дейді актер. Бағдарлама барысында баланың анасы халық әртісінің жас сүйіктісі Юлия Кичемасова екені айтылған. Сонымен бірге келіншектің жасанды жолмен бала көтергені белгілі болды. Енді олар ресми түрде некеге тұрмақ. Ғашықтар бірнеше жыл бұрын, Иван Краско 30 жастағы Наталья Шевельмен бір шаңырақ астында тұрып жатқан сәтте-ақ кездесе бастаған екен.

Иван Краско Кичемасовамен некеге тұрғаннан кейін ол актердің бесінші әйелі саналады. Айта кетсек, бұған дейін 90 жастағы Иван Красконың коронавирус инфекциясын жұқтырып алған хабарланған. Оған ауруханаға жатуға кеңес берілген. Алайда актер өкпесінің 45 пайызы зақымданғанына қарамастан, медициналық мекемеге жатудан бас тартқан.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...