Сыбайлас жемқорлықпен белсенді күреспейтін министрліктер аталды

Сыбайлас жемқорлықпен белсенді күреспейтін министрліктер аталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев басшылары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша белсенді шаралар қабылдамайтын министрліктер мен ведомстволарды атады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша басшылары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша белсенді шаралар қабылдамайтын мемлекеттік органдар анықталды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша, бұл – Ішкі істер және Ауыл шаруашылығы министрліктері, сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитеті.

ІІМ барлық өңірлер мен орталық мемлекеттік органдар деңгейінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлық мәселесі шешілген жобалық кеңсенің ашылуына тосқауыл қояды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуден бас тартуы да түсініксіз» деді Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алқасының отырысында.

Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді мониторингтің қорытындысы бойынша бұрынғысынша аутсайдер. Бұл ведомство ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялау тәртібін жетілдіруге қатысты ұсыныстарын толық көлемде орындамағаны үшін айыпталды.

«Толыққанды алдын алу шаралары Мемлекеттік кірістер комитетінде де жоқ, азаматтар мен кәсіпкерлердің кеден және салық органдарындағы жүйелі түрде алым-салық алуға тұрақты шағымдары - мұның айқын дәлелі» деді Шпекбаев.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...