12 мамыр күні басталған III Elorda Cup турнирі мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша 24 салмақта жеңімпаздар анықталып, 8 боксшы былтырғы чемпиондық атақтарын қорғап қалды, деп хабарлайды no-comment.kz ақпарат агенттігі.
2023 ЖЫЛҒЫ ЧЕМПИОНДЫҚ АТАҚТАРЫН ҚОРҒАҒАНДАР:
1 орын - 51 келі. Сәкен Бибосынов (Қазақстан);
1 орын - 57 келі. Махмұд Сабырхан (Қазақстан);
1 орын - 71 келі. Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан);
1 орын - 80 келі. Тоқтарбек Таңатқан (Қытай);
1 орын - 92 келі. Сағындық Тоғамбай (Қазақстан);
1 орын - 50 келі. Ю Ву (былтыр басқа салмақта топ жарған) (Қытай);
1 орын - 60 келі. Виктория Графеева (былтыр басқа салмақта топ жарған) (Қазақстан);
1 орын - Гиан Ли (Қытай);
6 күнге жалғасқан бәсекеде командалық бойынша ТОП-3 орындар:
Ерлер:
Қазақстан — 9 алтын, 8 күміс, 14 қола;
Өзбекстан — 1 алтын, 2 күміс, 2 қола;
Қытай — 1 алтын, 1 күміс;
Әйелдер:
Қазақстан — 5 алтын, 5 күміс, 11 қола;
Қытай — 4 алтын, 1 қола;
Үндістан — 2 алтын, 2 күміс, 4 қола;
Чемпион атанған жерлестеріміз:
1 орын - 51 келі. Сәкен Бибосынов;
1 орын - 54 келі. Карим Серкебаев;
1 орын - 57 келі. Махмұд Сабырхан;
1 орын - 60 келі. Серік Теміржанов;
1 орын - 67 келі. Нұрбек Мурсал;
1 орын - 75 келі. Тимур Нұрсейітов;
1 орын - 86 келі. Нұрбек Оралбай;
1 орын - 92 келі. Сағындық Тоғамбай;
1 орын - +92 келі. Қамшыбек Қоңқабаев;
1 орын - 57 келі. Карина Ибрагимова;
1 орын - 60 келі. Виктория Графеева;
1 орын - 63 келі. Аида Әбікеева;
1 орын - 70 келі. Мадина Нұрышева;
1 орын - +81 келі. Елдана Талипова;
ЕҢ ҮЗДІК БОКСШЫЛАР:
+92 келі. Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан);
54 келі. Юан Чанг (Қытай);
«Биыл елорда төрінде үшінші мәрте ұйымдастырылған бокстан ересектер арасындағы «Елорда кубогі» турнирі мәреге жетті. Бір аптаға жалғасқан байрақты бәсекеде отандастарымыз өте жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Халықаралық жарысқа жерлестеріміз бірнеше құраммен қатысқанын айта кеткен жөн. Париж Олимпиадасында ел намысын қорғайтын боксшыларымыз төрт жылдықтың маңызды додасы алдындағы соңғы дайындық жекпе-жектерін өткізсе, жас боксшыларға үлкен тәжірибе алаңы, бапкерлік құрамға өздерін дәлелдеу үшін зор мүмкіндік болды. Халықарлық сайыста топ жарған былғары қолғап шеберлерін жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!»,- деді Ермек Маржықпаев.
ҚАНДАЙ ЖАЙТТАР ТІРКЕЛДІ?
— 155 жекпе-жек өткізіліп, 13 айқас техникалық нокаутпен аяқталды. 4 кездесуде нокаут тіркелді.
— 11 жекпе-жекте қарсылас рингке шықпады. Нәтижесінде Сәкен Бибосынов, Карим Серкебаев, Махмұд Сабырхан, Қамшыбек Қоңқабаева финалда автоматты түрде чемпион болды.
— Олимпиада жолдамасының иегерлері Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай жаңа салмақта өнер көрсетті.
— 10 Әлем чемпионы және 20-ға жуық Париж Олимпиадасының жолдама иегерлері жүлдеге таласты.
— 71 келі салмақта Өзбекстан сапынан ауысқан Аман Қонысбеков бірінші рет Қазақстан туы астында жұдырықтасты.
Жеңімпаздарға (1-орынға — 700 доллар, 2-орынға — 400 доллар, 3-орынға — 700 доллар) сыйақы берілді.