Алматы әкімдігінде жаңа басқарма құрылады

Алматы әкімдігінде жаңа басқарма құрылады

Алматы әкімдігінде Креативті индустрия басқармасы құрылатын болады.

Жаңа басқарма экономиканы дамыту бағытында жұмыс істейді. Алматы қаласы мәслихатының VII шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Сессия барысында мәслихат депутаттары Алматы қаласы әкімінің «Алматы қаласының креативті индустриялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы бастамасын қолдады.

 «Алматы-2050» даму стратегиясына сәйкес, қала экономикасында креативті экономиканы дамыту бағытында құрылымдық маневрді жүзеге асыру жоспарланған. Мегаполис үнемі ойлау қабілеті ұшқыр, креативті, талантты және бірегей адамдарды біріктіреді, ал заманауи цифрлық құралдар өсу динамикасын арттыратыны атап өтілді. Осы мақсатта кретивті индустрияны дамыту Стратегиясы қабылданды.

Сонымен бірге, креативті сегменттің қалыптасуы үшін мемлекеттің интегративті қолдауы қажет, оның міндеттеріне жұмысты сауатты үйлестіру, жан-жақты жәрдемдесу және әлеуетті жүйелі дамыту кіреді»,- деп мәлімдеді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...