Тимуридтік стилдегі табақ

Тимуридтік стилдегі табақ
Орталық Азия мен Қазақстанда ХV-ХVІғғ. "тимуридтер керамикасы" деп аталаған бояулы-сырлы ыдыстар кең танылған. Олардың даму тарихы туралы И.А.Сухарева, Г.А. Пугаченкова, Н.А.Вакурская және де басқа зерттеушілердің еңбектерінде көптеп кездеседі. Тимуридтік ыдыстарды кеңінен зерттеген Г.А.Пугаченкова ыдыстарға тән басты-басты белгілер мен айырмашылықтарын атаған.
ХV-ХVІғғ. ыдыстарды жасауға Қытайдың Мин династиясы кезінің «Кобальт» үлгісіндегі фарфорының ықпалы болуымен бірге, жергілікті ерекшеліктер мен ою-өрнектерді пайдаланған. Сырдарияның бойында орналасқан Ахсикет, Ходжент, Ташкент, Отырар, Түркістан және басқа қалаларда жүргізілген археологиялық зерттеулер кезінде тимуридтік үлгідегі ыдыстардың қалыптасқан шағын аудандары белгілі болған. Осы кезеңдегі Орталық Азия мен Оңтүстік Қазақстанның ыдыс жасаудағы басты ерекшелігі жаңа түр-түстің үрдіс алуы мен ою-өрнектеудің жаңа үлгісінің қалаптасуы болды. Дәлірек айтқанда, Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы шеберлер кобальт пен натрид және қорғасынды араластырып сия түс шығарып пайдаланған. Нақтылай кетсек «Тимуридтер керамикасы» дегеніміз сия көк түспен (кобальт) сүттей ақ фонға өрнектер салынып, үстінен түссіз глазурмен қапталған өнімдерді атаған. «Тимуридтік» стилінде жасалған ыдыстардың бірі «Әзірет Сұлтан» музей қорындағы, 2005ж. Иасы-Күлтөбе қазбасынан табылған, ХV-ХVІғғ. тән табақ. Табақтағы өрнектер «кобальт типі» қытай фарфоры үлгісінде жасалған. Ыдыстың ернеуі кең, жайпақ, өлшемдері : d- 35-40см, Һ -10см, d-түб-10см тең болып келген. Бетіне үш үлкен және үш кіші иірмдерден тұратын өрнектер түсірілген. Табақтың ішкі беті өсімдік өрнектерімен әшекейленіп, жиек тұсына 2см көлемінде геометриялық робы түсіріліп, оның іші майда сызықшалармен торланған. Табақтың шұңғылына жеміс салып тұрған жүзім сабағына ұқсас өсімдік пен гүлдердің суреттері өрнек түрінде түсірілген. ХV ғасырларда сырлы ыдыстардың бояуларымен қатары өрнектерінде де өзгешеліктер болды. Өрнектері өсімдік сабақтары иірімдері және «ботаникалық сарындағы гүл сияқтандырылып салынды.
Табаққа 2023ж. музей реставраторы Н.Таджибаев қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген.
 
Ә.Егеубаева - "Әзірет сұлтан" музей-қорығының қор сақтаушысы.
 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...