Кесеқап – бұл қандай қап?

Кесеқап – бұл қандай қап?
Қазақ халқы көшпелі ел болғандықтан күнделікті тіршілікте қолданылатын бұйымның берік әрі көшіп-қону кезінде қолайлы болуына ерекше көңіл бөлген. Осы тұрғыда көшпенділер мәдениетіне байланысты қалыптасқан тұрмыстық бұйымдардың бірі – кесеқап. Шеберлер бұл бұйымды көші-қон барысында шыны, қыш кеселерді сындырмай алып жүру үшін ағаштан, киізден, шиден, тері мен былғарыдан жасаған.
«Әзірет Сұлтан» музей-қорығының қорында КК 234 номерімен тіркелген кесеқап бар. Бұл жәдігер ХІХ-ХХ ғғ. мерзімделеді. Кесеқап цилиндр пішінінде ағаштан жасалған. Бұйымның жоғарғы жағына созылып түскен ромб тәрізді өрнек жүргізіліп, ортасы «қошқар мүйіз» ою-өрнегімен безендірілген. Кесеқап ұстауға ыңғайлы болу үшін жоғарғы жағына теріден шегемен ұстатылған тұтқа қондырылған. Ұзындығы 24 см, ал диаметрі 16 см құрайды. Мұндай кесеқапқа бір-біріне кигізіп, бірнеше кесе салып қоюға болады.
Осындай кесеқап көші-қон кезінде ыдыс-аяқты тасымалдау және сақтау үшін өте ыңғайлы болған.
 
Гүлмира Атабаева - "Әзірет сұлтан" музей-қорығының экскурсоводы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев әкімдіктер, орталық мемлекеттік органдар, салалық...

2025 жылғы 20 маусым күні облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғат пайдалану мәселелері...

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстандағы астық қоры 8,6 млн тоннаны құрады. Бұл көлем ішкі нарықты қамтамасыз етуге және экспорттық...

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Түркістан облысында колледж түлектеріне арналған «Адал азамат, адал еңбек, адал табыс» атты форум өтті. Іс-шара...