2024 жылғы 2 маусым - Жетісай ауданы Абай ауылдық округі әкімін сайлау күні өтеді, деп хабарлайды no-comment.kz ақпарат агенттігі.
Оспанов Бағдат Жаңайұлы - Абай ауылдық округі әкімінің лауазымына кандидаттың бағдарламаларының сипаттамасы.
Өмірдеректері:
Оспанов Багдат Жанаевич, 1980 жылы 18 тамызда Шымкент облысы, Киров ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ.
1987-1998 жылдары Киров ауылы, Ж.Ержанов атындағы орта мектепте оқыды.
1998 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін Заңтану мамандығы бойынша аяқтады.
12.08.2004-12.10.2004 жылдары Мақтарал ауданы, Ж.Ержанов ауылдық округінде жастар және әлеуметтік сала бойынша міндетті атқарды.
13.10.2004-15.04.2005 жылдары Мақтарал ауданы, Ж. Ержанов ауылдық округінде әкімдіктің жастар және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.
15.04.2005-20.03.2018 жылдары аралығында Мақтарал ауданы, Ж. Ержанов ауылдық округі әкімі аппаратының маманы болып қызмет атқарды.
21.03.2018-17.06.2020 жылдары Жетісай ауданы, Жетісай қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.
18.06.2020-16.07.2020 жылдары Жетісай ауданы, Жетісай қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.
17.07.2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жетісай ауданы, Жетісай қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады.
Бағдарламасы:
Абай аудандық округі әкімі қызметіне сайланған жағдайда Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сәйкес жұмыс жүргізуге және округтің әлеуметтік экономикалық дамуы үшін мына мәселелерге басты назар аударып, оларды шешуге барлық күш - жігерімді жұмсайды:
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында округ аумағында өсімдік, жылыжай шаруашылығын жетілдіруде, шағын кәсіпкерлікті дамытуға 2.5 пайызбен несиелендіру жұмыстарын жүргізуге;
Округтегі тұрмысы төмен отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдаулардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, ақпараттандыруға;
Алтын кемер ауылын табиғи газбен қамтамассыз ету мақсатында тиісті жұмыстарды ұйымдастыруға;
Халықтар достығы ауылын табиған газбен қамтамассыз ету мақсатында тиісті жұмыстарды ұйымдастыруға;
Округ аумағында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан тік дренаждардың жұмысын өз бақылауыма ұстауға;
Алтын кемер ауылынан жаңадан 200 орындық мектеп салуға;
Округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайын тұрақты ету;
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Халықтар достығы ауылының ішкі көшелерін орта жөндеуден өткізуге және кезең кезеңімен басқа ауылдарда жалғастыруға;
Округ аумағындағы барлық көшелерге электр желілерін тартуға, КТП-ларын жаңалауға;
Округті абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын үнемі өз назарымда ұстауға.
Денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт нысандарының тұрғындарға тиімді қызмет көрсетуін ұйымдастыруға;
Округтегі тұрмысы төмен отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдаулардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, ақпараттандыруға;
Мемлекетттік - жеке меншік әріптестік аясында шешімін таппаған өзекті мәселелерді шешуге ұйытқы болуға, балабақшалардың, спорт, ойын алаңшаларының санын арттыруға;
Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға, ардагерлерді, мүгедектерді, көп балалы аналарды сауықтыру шараларымен қамтамасыз етуге, тұрғын үй салу үшін жер телімдерін қарастыруға;
Ауылдың жас мамандарына «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберінді қолдау көрсетуге;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы жүзеге асырылуына, құзырлы мекемелермен бірлесіп, байланыс, интернет желілерінің санасын арттыруға;
Округ тұрғындарының салықтық түсімдерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге;
Округ аумағындағы құзырды органдармен, ауыл ақсақалдармен бірлесі отырып, қылмыстық ахуалдың төмендеуіне, ұлтаралық татулықтың, қоғамдық тұрақтылықтың сақталуын және өзге де міндеттерді жүзеге асыруға ықпал етуге;
Округті дамытуға арналған бағдарламалар мен атқарылатын жұмыстардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін ауыл тұрғындармен бірігіп, өщімнің білімін мен тәжірибемді пайдалана отырып, округіміздің көркейіп гүлденуіне аянбай еңбек ететін боламын.