Түркістан облысы Қазыбек Би ауылдық округі әкіміне үміткердің бағдарламасы жарияланды

Түркістан облысы Қазыбек Би ауылдық округі әкіміне үміткердің бағдарламасы жарияланды

Жетісай Ауданы, Қазыбек Би Ауылдық Округі әкіміне үміткер Нұрлыбек Сағынбекұлы Мутаевтың сайлауалды бағдарламалары:

 

Құрметті, сайлаушылар!

Мен, Нұрлыбек Сағынбекұлы, өзімнің туып-өскен ауылдық округімнің тағдырына бей-жай қарай алмайтын азамат ретінде, осы Қазыбек би ауылдық округіне әкімдікке сайлауға түсуді жөн санадым.

Округімізде атқарылатын жұмыстар көп, дегенімен менің бағдарламамның негізгі бағыттары мыналар болмақ:

Дені сау ұлт – әр тұрғынға сапалы және қол жетімді медицина

  • Дені сау ұрпақ өсіру – алға қарай ілгерілеу үшін өте маңызды, сондықтан, ауылымыздағы елді мекендерге медициналық көмек көрсетуші ұйымдардың орналасуына атсалысатын боламын.
  • Аудандық орталық ауруханалармен бірлесіп ауылдық округтегі медициналық ұйымдарда білікті мамандардың жұмыс жасауына ықпал жасаймын.
  • Ауылымыздағы медициналық мекемеге заманауи үлгідегі аппараттардың жеткізілуіне өз тарапымнан жұмыс жасайтын боламын.

Абаттандыру, инфрақұрылымды дамыту, көркейту, көгалдандыру

  • Елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, абаттандыру, көріктендіру мақсатында жауапты мемлекеттік мекемелер және тиісті уәкілетті органдармен бірлесіп, жұмыстар жүргіземін. Бұл ретте, төмендегі мәселелерді шешуге ат салысамын;
  • елді мекендердегі тозығы жеткен ауызсумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуға;
  • тұрғындарды таза ауызсумен қамту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, елді мекендерді толық таза ауызсумен қамту үшін жүйелі жұмыстар жүргізу;
  • топырақ жолдарды мүлдем болдырмау мақсатында ұсыныстар еңгізу;
  • елді мекендердің ішкі көшелерінің кезең-кезеңімен жасалуына ықпал жасау;
  • тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету және ескірген бағаналар мен электр желілерін кезең-кезеңімен ауыстыруды назарға алып жұмыс жасау;
  • жолдардың сапасын жақсартуға атсалысу, аудан орталығына қатынайтын қоғамдық көліктердің санының артуына;
  • «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қазыбек би ауылдық округіне қарасты ауылдардың ішкі көшелері толық орташа жөндеуден өтті, алдағы уақытта басқа да елді мекендерді осы жоба аясында толық өткізуге жұмыстар жүргіземін.
  • Білім ошақтарына және медициналық ұйымдарға баратын жолдарды жарықтандыру және аяқжолдар салу;
  • Елді мекендердің санитарлық-тазалық жұмыстарын толыққанды шешіп, ретке келтіру:
  • Елді мекендерде көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын кеңінен ұйымдастыру;
  • Әр елді мекеннің халық санының өсуіне байланысты елді мекен шегін кеңейтуді ұсынып, жер учаскесін беріп кезектілікті азайту;

Халық үніне құлақ асатын билік

  • Халық пен билік арасындағы сенімді нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізетін боламын;
  • Сайлаушылардың ұсынысы мен сын-ескертпелерін ұдайы тыңдап, әкімдік тарапынан оң шешім тауып отыруына ықпал етуге;
  • Қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты қамтамасыз ету үшін халық арасынан табылу;
  • Әр кезеңде тұрғындардың қатысуымен, ауылдық округтің проблемалық мәселелерін талқылау арқылы ұсыныс-пікірлерін тыңдап ортақ шешімге келу.

Тұрғындардың қауіпсіздігі

  • Өздеріңізге белгілі Қазыбек би ауылдық округі үлкен жолдың екі жанында орналасқан, ал, қазақ халқы ежелден бір-бірімен қыз алысып, қыз берісіп араласып отырған ел. Сол сияқты біздің округтеде тұрғындар жолдың екі жағынан бір-біріне көп қатынайды, осы ретте аталған жолды қауіпсіздендіру мақсатында, заң талаптарына сәйкес, бейнекамералар, жол кедергілері мен жол белгілерін көптеп қойдыруға ықпал жасаймын;
  • Мал ұрлығы, басқа да қылмыстардың алдын алу мақсатында бейнебақылау камераларының санын арттыру;
  • Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен ұдайы байланыста болып жұмыстар жасаймын;
  • Қылмыс көбінесе адамдардың қолы бостығынан болады, осыған орай, тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдалану бағытында жұмыстар жүргіземін.

Жұмыссыздықты азайту

  • ел дамуының тағы бір негізгі көрсеткіші жұмыссыздықты азайту болып табылады, осыған орай ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту бағытында жұмыстар жүргіземін;
  • кәсіпкерлерді тартып, ауылдардан жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектесемін;
  • бүгінгі таңда жұмыс орындарын субсидиялау, кәсіпкерлерге қолдаулар, қайтарымсыз гранттар бар, «ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асуда, осы және басқа да бағдарламаларды кеңінен халыққа түсіндіріп, мемлекеттен берілетін қолдауларды заң аясында алуға көмектесетін боламын;

Кәсіпкерлікті дамыту, салық түсімдерін нығайту

  • Ауылдық округте кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлеттік бағдарламалар мен жеңілдіктерді кәсіпкерлерге таныстыру арқылы кәсіпкерлердің санын арттыру:
  • Кәсіпкерлерді елді мекен тұрғындарының әл-ауқатын көтеру мақсатында жұмыс орындарын ашып, әлеуметтік осал топтағы отбасы мүшелерін жұмыспен қамту арқылы оларға қолдау білдіру;
  • 2024-2028 жылдарға Қазыбек би ауыл округін дамытуға арналған экономикалық дамуының кешенді жоспарын әзірлеп, жоспарға сәйкес жұмыс жүргізу;
  • Кіріс көздерін ұлғайту үшін ауылдық округте орналасқан кәсіпкерлік нысандарды жергілікті жерге тіркету жұмыстарын ұйымдастыратын боламын.

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту

  • Ауданымыз аграрлы аймақ болғандықтан, ауыл шаруашылығын дамыту басты назарда болуы тиіс, осы орайда келесідей проблемалық мәселелерді шешуге атсалысатын боламын;
  • Жерді сордан тазарту үшін тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру;
  • Түрлі жеңілдетілген бағдарламаларды тұрғындарға насихаттау арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға атсалысу;
  • Ауыл шаруашылығын дамытуға және қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды (субсидия, жеңілдетілген несиелер) тұрғындар арасында кеңінен таныстыру;
  • Егістік алқаптарын суаруға арналған каналдар мен арық-атыздар, қашыртқыларды мерзімінде тазартып тұруды бақылауға алу;
  • Күрделі жөндеуді қажет ететін арық-атыз, канал мен су қоймаларын қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру.

Қарты бар елдің – қазынасы бар

  • «Қартын құрметтеген қауым құттан құр қалмайды» демекші, округіміздегі қарттарымызға әлеуметтік оңалту шараларын ұйымдастырып отыруға, мерзімінде санаторияларға баруына атсалысамын.
  • Ауылдық ардагерлер кеңесімен ұдайы ақылдасып, ұсыныс-пікірлерін тыңдап жұмыстар жүргіземін.
  • Аудан орталығында қарттарға арналған арнайы оңалту орталығы жұмыс жасайды, қарттарға ол жерде емдеу және сауықтыру үшін жағдай жасалған, сонымен қатар, қарттар ол жерде өздерімен замандас қарттармен біргелікте уақыт өткізеді. Осындай қарттарға арналған оңалту орталығын Қазыбек би ауылдық округінен де ашуға атсалысамын.

Жастар – ел болашағы

  • Болашағымыз – жастар, өскелең ұрпақ үшін әр елді мекенде кемінде бір ойын алаңшасын және спорттық нысан салуға ықпал жасау;
  • Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескере отырып, бүкіл мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді;
  • Бүгінгі таңда бала басына қаржыландыру жүйесімен жүзеге асып жатқан спорттық және мәдени үйірмелерді көптеп ашуға жұмыстар жүргізетін боламын.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы судья бола алады. Қазіргі уақытта судья лауазымына конкурстық іріктеу...