Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Үкімет жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Оның жұмысына ҚР Парламенті депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері және ғалымдар қатысты.

Комиссия отырысында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі даму мәселелері, тіл мәдениетін арттыру және тілдік капиталды нығайтуға бағытталған үйлесімді әрі теңгерімді тіл саясатын жүргізу мәселелері қарастырылды.

Отырыс барысында ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының іске асырылу барысы және Мемлекет басшысының тапсырмасына орай мемлекеттік тілде жасанды интеллектіні қолданысқа енгізу, қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту, тілге қатысты заманауи IT-жобаларды әзірлеу бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Сондай-ақ ҚР әділет министрі Азамат Есқараевтың мемлекеттік тілде заң әзірлеу мәселесі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының қызметі туралы қоғамдық бірлестіктің президенті Рауан Кенжеханұлының баяндамалары тыңдалды. 

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Комиссия төрағасы Тамара Дүйсенова мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...