Түркістан: Нұрбол Тұрашбеков кезекті аппараттық мәжілісті өткізді

Түркістан: Нұрбол Тұрашбеков кезекті аппараттық мәжілісті өткізді
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков кезекті аппараттық мәжілісте салық түсімдерінің орындалуы, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша сала жетекшілерінің баяндамасын тыңдады. Көтерілген мәселелерге қатысты бірқатар тапсырманы айқындап, жауаптыларды бекітті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан қаласы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Жеңіс Төлепбергенов Түркістан қаласында тіркелген 193 Үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі зерделенгенін, нәтижесінде басқа өңірге қоныс аударған, қызметін тоқтатқан ұйымдар анықталғанын баяндады. Бұл өз кезегінде Ұлттық дерекқорға есеп тапсыру барысында қиындық туғызатынын жеткізді.
Нұрбол Әбдісаттарұлы бөлім басшысына қалалық кірістер және қалалық полиция басқармасымен тығыз байланыста жұмыс атқару, белсенді ұйымдармен жұмысты жүйелеу қажеттігін атап өтті.
Қалалық Полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Мұратовтың мәлімдеуінше, 18-25 мамыр аралығында қала аумағында ортақ пайдалану орындарын ластау (ӘҚБтК 434-2 бабы) дерегімен 133, абаттандыру қағидатын бұзу (ӘҚБтК 505-бабы) дерегімен 48, Жол жабындысын бүлдіру (ӘҚБтК 630-бабы) дерегімен 16 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынған.
Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Мұхтар Төлепов жыл басынан бері «Кедергісіз кәсіпкерлік» жобасы аясында 225 кәсіпкерге қолдау көрсетілгенін айтып, бағыттарына тоқталды. Атап айтсақ, 134 кәсіпкерге құжаттандыру заңдылығы бойынша кеңес берілген, жұмысын жаңадан бастаған 81 кәсіпкерлік нысан сүйемелденіп, заң талаптарына сай жұмыс атқаруда.
Сонымен қатар, қаламызға, индустриалды аймаққа және арнайы экономикалық аймаққа инвесторлар тарту мәселесіне тоқталып, ұсынылған жобалармен таныстырды.
Аппараттық мәжілісте тапсырмалардың орындалуы бойынша жауапты бөлім басшыларының есебі тыңдалып, нәтижесінде тапсырма-жоспар жаңартылып қайта бекітілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...