Олжас Бектенов: Жаңа Салық кодексінде мөлшерлеме көлемі өнімнің күрделілігіне байланысты. Қайта өңдеу неғұрлым жоғары болса, ставка соғұрлым төмен болады

Олжас Бектенов: Жаңа Салық кодексінде мөлшерлеме көлемі өнімнің күрделілігіне байланысты. Қайта өңдеу неғұрлым жоғары болса, ставка соғұрлым төмен болады

Үкімет өңдеу секторын дамыту бойынша барлық негізгі бағыттар мен міндеттерді айқындады. Шикізатты емес жоғары өңделген тауарлар өндіруге басымдық беріледі, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Премьер-Министр Олжас Бектенов сонда ғана табыстың көбісі елімізде қалатынын, сондай-ақ экономиканы әртараптандыру деңгейі артатынын атап өтті. Бұл ретте өндірушілер үшін преференциялар жаңа Салық кодексінің жобасында да қарастырылған.

«Жаңа Салық кодексінің жобасында салық ставкасы шығарылатын тауардың өңдеу деңгейіне байланысты. Яғни кәсіпорын жоғары өңделген тауар шығарса, салық ставкасы төмен болады, ал жай шикізат шығаратын болса салық жоғары болады. Бұл өндірістік дамуды ынталандыратын маңызды қадам», — деді Олжас Бектенов.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...