Швецияның Стокгольм қаласында «Гаухар лигасы» кезеңі аяқталып, қазақстандық Ольга Сафронова сынға түсті, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Сафронова 100 метрге жарысудан бақ сынады. Финалда ол 11.65 нәтижесін көрсетіп, қорытынды есепте 8-орынға тұрақтады.
Бұл бәсекеде гамбиялық Джина Мариам Басс (11.15) жеңіске жетті. Күмісті Мари-Джози Та Лу (Кот-д’Ивуар) , қоланы Бриттани Браун (АҚШ) иеленді.