Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытай және Өзбекстан инвесторларымен кездесті. «Қытайдың 22-ші металлургиялық корпорациясы» АҚБ өкілдері қаламызға инвестиция салып, бірқатар әлеуметтік және спорттық нысандар салуға ниет білдірді. Сонымен қатар, «B.A.Holding» басшылығымен металлургиялық зауыт салу мүмкіндігін талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімінің инвесторлармен кездесу барысында Шымкент қаласының инвестициялық әлеуеті, мемлекеттік қолдау шаралары, инвесторларға берілетін жеңілдіктер, сондай-ақ арнайы экономикалық және индустриялық аймақ қатысушыларына қарастырылған жеңілдіктер туралы айтты.
Кездесу соңында қала әкімі біз үшін әрбір инвестор маңызды екенін айта отырып, шетелдік компания өкілдеріне қаламызға қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ өз тарапымыздан жан-жақты қолдау көрсетуге және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге дайынбыз, деп сөзін қорытындылады.
Қытайлық компания өкілдері Шымкентте жобаларды табысты іске асыруға сенім білдіріп, қаламен ынтымақтастықты дамытуда үлкен әлеуетті көріп отырғандықтарын атап өтті. Олар спорт және әлеуметтік нысандардың құрылысына қомақты қаражат салуға дайын екендіктерін, бұл қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және жаңа инвестициялар тартуға ықпал ететіндігін атап өтті.
Өз кезегінде «B.A.Holding» өкілдері металлургия зауытының құрылысына инвестиция салуға дайын екендіктерін мәлімдеді, бұл жаңа жұмыс орындарын ашады және өңірдің өнеркәсіптік секторының дамуына ықпал етеді. Олар Шымкентте осындай жобаны табысты іске асыру үшін барлық қажетті жағдайлар бар екенін атап өтті.
Осылайша, Шымкент әкімінің Қытай мен Өзбекстан инвесторларымен кездесуі шетелдік компаниялардың қаламызбен ынтымақтастыққа деген қызығушылығының жоғары деңгейін көрсетті. Бұл Шымкент қаласының экономикалық дамуы мен оның тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартудың жаңа перспективаларын ашады.