«Қазақстан мен Өзбекстан тарихының зерттеуінің өзекті мәселелері» тақырыбы аясында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

«Қазақстан мен Өзбекстан тарихының зерттеуінің өзекті мәселелері» тақырыбы аясында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің архив, құжаттама және кітап ісі комитетімен бірлесіп, Өзбекстан республикасы архивтерінің Қазақстан Республикасындағы күндері өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
Айтулы дата аясында екі ел арасындағы тарихтың зерттелуі мен өзекті мәселелер талқыланды.
Ғылыми конференция Қазақстан мен Өзбекстан тарихының ғылыми еңбектерін таныстырумен басталды.
Мәдениет басқармасы ұйымдастырған аталмыш көрмеде екі ел ғалымдарының жылдар бойы жүргізген қазба жұмыстарынан тапқан құнды жәдігерлері мен еңбектері қойылған.
Жиынның өткізілуіне қала әкімдігі тікелей мұрындық болып, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып мұндай конференциялардың маңыздылығын атап өтті, айта кетейік жиын барысында көршілес мемлекеттен келген мамандар екі елдің бірігіп жұмыс жасауының маңызды тұстарына тоқталды.
Сонымен қатар, конференция барысында екі ел арасындағы ғылыми ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған жаңа жобалар мен бастамалар ұсынылды. Архив материалдарымен алмасу және бірлескен археологиялық экспедициялар өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл мәдени мұраны сақтап қана қоймай, екі мемлекет тарихының жаңа беттерін ашуға мүмкіндік береді.
Іс-шараның қорытынды бөлігі Қазақстан мен Өзбекстанның мұрағат мекемелері арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды. Бұл құжат тараптардың бірлескен жобаларды дамыту, тәжірибе және ақпарат алмасу, сондай-ақ мұрағат ісінің өзекті мәселелерін талқылау үшін тұрақты кездесулер мен конференциялар ұйымдастыру жөніндегі ниеттерін бекітті.
Осылайша, Өзбекстан Республикасы мұрағаттарының Қазақстан Республикасындағы күндері мемлекетаралық қатынастар мен ғылыми ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Іс-шараға қатысушылар мұндай бастамалар болашақта да жалғасып, екі ел халықтары арасындағы өзара түсіністік пен достықты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...