Қайтарымсыз грант әлеуметтік жағынан осал топтарға арналған

Қайтарымсыз грант әлеуметтік жағынан осал топтарға арналған
Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бірден бір жолы – ол азаматтарды кәсіпкерлікпен айналысуға бағыттау, яғни жаңа бизнес идеяларды іске асыру болып табылады. Осы бағытта 2019 жылдан бастап халықтың осал тобына жататын азаматтарға қайтарымсыз негізде грант беріліп келеді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласында биыл екі лек негізінде 426 адамның кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Алғашқы лек бойынша 20-31 мамыр аралығында өтінімдер қабылданып жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысы Жанат Өтебаева осы грант төңірегінде баяндап берді.
Грантқа өтінім беру үшін 7 санат, яғни, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар, көп балалы, оның ішінде балалардың ең үлкені 23 жасқа дейін жоғары оқу орны мен арнаулы орта кәсіптік колледжд студенті ретінде жәрдемақы алушы отбасылар, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған отбасылар кіреді.
– Халықтың осал тобындағы азаматтардың қайтарымсыз грант қаржысына шағын кәсіпкерілігін бастап, немесе дамытып, өзінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндігі болады. Қайтарымсыз грант қаржысы бір рет беріледі. Оның нысаналы мақсаты бойынша – қажетті еңбек құралдарын сатып алуға және технологиялық жабдықты, мал, құстарды, көшеттер, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға жұмсалуы тиіс. Берілетін қайтарымсыз қаржының көлемі 400 АЕК, 1476,0 мың теңге), – деді Жанат Өмірсейітқызы.
Грантқа үміткерлер, яғни халықтың осал тобына жататын азаматтар бірінші кезекте – «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша оқып, арнайы куәлік алуы тиіс. Алынған куәлік 3 жыл мерзімге жарамды. Екіншіден – бірыңғай терезе «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде өтінім ұсынуы тиіс.
Биылғы жоспар бойынша грант қаржысы екі лекте беріледі. Алғашқы лекте 213 адамға және екінші лекте де 213 адам қайтарымсыз грант беріледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында...