Роман Скляр мен Денис Мантуров бірлескен өнеркәсіптік кооперация жобаларын іске асыру мәселесін талқылады

Роман Скляр мен Денис Мантуров бірлескен өнеркәсіптік кооперация жобаларын іске асыру мәселесін талқылады

Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровпен кездесу өткізді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Тараптар екіжақты өзекті өзара іс-қимыл мәселелерін және өнеркәсіптік кооперация бойынша бірлескен жобалардың іске асырылу барысын қарастырды.

Роман Скляр ҚР мен РФ арасындағы 2019 жылы қол қойылған өнеркәсіп саласындағы бес жылдық мерзімге бірлескен іс-қимыл бағдарламасының Жол картасының маңыздылығын атап өтті. Бұл екі елдің өнеркәсіптік жобалар портфелін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Нарманов Мейірбек Арынұлы – темір-бетон цехының басшысы, өндіріс саласында 47 жылдық еңбек өтілі бар, өз ісінің шебері. Жоғары кәсіби біліктілігі...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін дамыту, сондай-ақ цифрландыру мен су...