Қасым-Жомарт Тоқаев Doosan Group компаниясының төрағасы Чжеонг Вон Пак пен Doosan Enerbility басқарма төрағасының орынбасары Ён Ин Чонгті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Doosan Group компаниясының төрағасы Чжеонг Вон Пак пен Doosan Enerbility басқарма төрағасының орынбасары Ён Ин Чонгті қабылдады

Кездесу басында Президент су тасқыны кезінде елімізге көрсеткен көмегі үшін корей компаниясына алғыс білдірді. Мемлекет басшысының айтуынша, осындай қиын-қыстау жағдайда кәсіпкерлердің халықты қолдауы олардың әлеуметтік жауапкершілік деңгейі жоғары екенін көрсетті,  деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысында қуаты 1 ГВт болатын бу-газ электр станциясын салу жобасының жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ компанияның Атырау облысында «Қарабатан» газ турбиналы электр станциясын кеңейтуге қатысу перспективалары туралы мәлімет берілді.

Doosan Enerbility компаниясы Doosan Group құрамына кіреді. Бұл кәсіпорын атом электр станцияларын салуға, жылу электр станцияларын, турбиналар мен генераторлар, су тұшытатын қондырғылар өндіруге маманданған. Компанияда 5 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. 2023 жылы өнім сату көлемі 17,5 миллиард долларды құрады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Республикалық автомобиль жолдарында 96 жол-пайдалану учаскесі және 125 жол-пайдалану пункті бар. Олар техниканы орналастыру және жол-құрылысы мен...

Қазақстанда республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісі 25 мың шақырымды құрайды, оның 3,6 мың шақырымы...