Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының «Қолжетімді әрі сапалы білім» тақырыбындағы V басым басым бағытына сәйкес, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша жалпы мектептер саны – 60. Оның 46-сы типтік, 14-і ыңғайластырылған, Үш аусымда оқитын мектеп жоқ.
- жалпы орта мектеп – 46 (22647 оқушы);
- негізгі орта мектеп – 5 (464 оқушы);
- бастауыш мектеп – 9 (144 оқушы);
- Барлығы оқушылар саны – 23255.
Қосымша біліммен қамтылған оқушылар саны – 932.
Ауданда 71 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Оның ішінде балабақшалар – 48, (15 – мемлекеттік 1823 тәрбиеленуші, 33 – жеке 3652 тәрбиеленуші), 24 шағын орталықта 721 бүлдіршін тәрбиеленуде. 1-6 жас аралығында барлығы 6327 бала (соның ішінде 1-3 жас аралығында бала - 1860).
Жалпы орта мектептерде мектепалды даярлық топтарында 5-6 жас аралығында бала саны – 1629. 3-6 жас аралығында қамтылған жалпы бала саны – 4467. Қамту – 100 %.
Оның:
-15 мемлекеттік балабақшада-1-6 жас-1850 бала,оның ішінде 3-6 жас-1426 бала.
-33 жекеменшік балабақшада-1-6 жас-3784 бала,оның ішінде-2536 бала
-23 мектеп жанындағы шағын орталықта-1-6 жас-693 бала, оның ішінде 3-6 жас-505 бала.
Ал мектептегі мектепалды даярлыққа қамтылған бала саны - 1627 бала. Мектепке дейінгі ұйымдарда 1-6 жас аралығында 6327 бала қамтылып, ол 9808пайызды, оның ішінде 3-6 жас аралығында 4467 бала қамтылып, ол 100 пайызды құрады.
Қазіргі таңда ауданда 25 мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар ашылып, жұмыс жасап жатыр. Олар 25 балабақша 112 топ, 1611 бала, 245 педагог, 73 кіші қызметкер. Оның ішінде 3 мемлекеттік 18 топ 205 бала, 54 педагог, 56 кіші қызметкер, 22 жекеменшік 94 топ 1406 бала, 191 педагог, 217 кіші қызметкер жұмыс жасайды.
Білім беру мекемелерінде 2934 педагог жұмыс атқарады.
Оның: жоғарғы білімді – 2895 (98,3%), орта арнаулы білімді – 39 (1,7%); жоғары біліктілік санатты -211, бірінші санатты – 332, екінші санатты-- 396, санатсыз - 792, педагог шебер – 24, педагог-зерттеуші – 389, педагог-сарапшы – 443, педагог-модератор – 347 мұғалімдер қызмет атқарады.
Білім саласындағы басты мәселенің бірі - ұстаздар жалақысының аздығы. Осыған орай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтып кеткендей, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға көбейді. Ал мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қаржыландыру тәртібі жан басына шаққандағы қаржы шегінде жүргізіледі.
Мектепке дейінгі мекемелерге бала қабылдау кезегі мен жолдама беру қызметі толықтай автоматтандырылып, balabaqsha.snation.kz порталы арқылы жүргізілді. 2020 жылдың наурыз айында дейін 3-6 жасар 145 бала жолдамамен балабақшаға қабылданды. 3 жасқа дейінгі 567 бала балабақша кезегінде тұр.
Жалпы, негізгі, бастауыш білім беретін мектептерге 1-сыныпқа оқушы қабылдау қызметі автоматтандырылып, mektep.snation.kz порталына ата - аналардың өтініш тастауы арқылы жүргізілді. 1-сыныпқа қабылданған 2428 оқушының 143- і (5,9%) e-gov.kz порталы арқылы, 2161-і (89%) электронды жүйе арқылы, ал 124 оқушы дәстүрлі түрде қабылданды.
Жалпы орта мектептердегі босаған орындарға педагог маман қабылдау қызметі jumys.snation.kz порталы арқылы ашық конкурстық негізде жүргізілуде. 2020 жылдың тамыз айында 81 бос жұмыс орны жарияланды. Құжат қабылдау мерзімі аяқталған 12 бос жұмыс орнына 19 үміткер тіркеліп, тестілеуден өткен 9 маман жұмысқа қабылданды. 70 бос жұмыс орны жарияланып тұр.
Білім беру мекемелеріне қабылданатын мамандардың сапасын көтеру мақсатында jumys.snation.kz порталының тестілеу кезеңінің шектік деңгейі 50 пайыздан 70 пайызға көтерілді.
Шалғайдағы 17 шағын жинақты мектеп пен 1 бастауыш мектеп 2020 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап 1316 оқушы штаттық режимде оқып жұмыс жасады.. Онда жалпы 280 педагог жұмыс істеді.
Жалпы орта мектептердегі бастауыш сынып оқушылары үшін, ата – аналардың өтініші негізінде, қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылып жұмыс жасауда.
Ауданда 39 білім беру ұйымында ата - аналардың өтініші негізінде 1-4 сынып арасында 242 кезекші топтар ашылып, онда 2934 оқушы білім алды. Барлық сыныптарда сыйымдылық саны 15-тен аспауы, сыныптарда санитарлық-нормалардың сақталынуы қатаң қадағалауға алынды.
Мектептердің қызметінде санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, сыныптарда 15 адамға дейін балалар саны 300 адамға дейінгі 19 шағын жинақты білім беру ұйымдары штаттық режимде білім беруде. Сонымен бірге 9,11 сынып білім алушыларының аралас оқыту форматына көшуі бітіруші сыныптарды қорытынды аттестаттауға және Ұлттық бірыңғай тестілеу мен жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу емтихандарын тапсыруға дайындаумен негізделеді. Ауданымызда барлық білім беру ұйымдарының мектеп бітіруші 9,11-сыныптары аралас форматында оқыту-пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызы қашықтықтан білім алуда және қажет болған жағдайда штаттық форматта білім шығындарының орнын толтыру үшін 5 оқушыға дейінгі жеке консультациялар өткізілуде.
Короновирус індетінің салдарынан республикамыздың мектеп оқушыларының басым көпшілігі қашықтан оқып жатыр. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын қолдануда. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін аудан мектептер Daryn - Online интернет-платформасымен жұмыс жасалынады.
Интернет-ресурстарда оқу процесіне қатысушылардың өзара әрекеттесуі және оқушы мен мұғалімнің кері байланысына мүмкіндіктер жасалды. Сонымен бірге, 2020-2021 жылдың 3-тоқсанынан бастап қашықта оқитын 6-8,10-сынып оқушыларымен аудан орталығындағы мектептер күнделікті сабақтарын онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы жүйелі түрде өтуде.
Түлкібас ауданы бойынша 2020-2021 оқу жылына Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына өткен мектептердің үлесі бойынша 11 сыныптардағы оқушыларды барлық оқулықтармен және 1,5,6 сыныптарға информатика оқулығы, мектепалды даярлық топтарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету үшін мақсатында 109410 дана оқулық толық жеткізілді.
Ауданда алғашқы әскери дайындық пәні 46 мектепте 10-11 сыныптарда жүргізіліп келеді. Бұл пән жастарға әскери- патриотық тәрбие беруде үлкен роль атқарып отыр. Аудан мектептерінде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәніне арналған оқу бөлмелері, оқу орындары мен алаңдар – 9 элемент білім басқармасының нұсқауына сәйкес жабдықталған.
Аудан мектептерінде «Жас сарбаз» клубтары жұмыс атқарып келеді. Осы тұста А. Макаренко ЖОМ, И. Рыбалко ЖОМ, Т. Рысқұлов ЖОМ, Титов ЖОМ, Әубәкіров ЖОМ, Момышұлы ЖОМ, Бреусов ЖОМ, Алғабас ЖОМ мектептерінің жұмысын атап өтуге болады.
2020-2021 оқу жылы 10- 11 сынып оқушыларын Отанды қорғауға дайындау мақсатында „Отанды қорғау - әрбір азаматтың қасиетті борышы“ атты мектепшілік, аймақтық және ақтық әскери–спорттық байқау өтті. Байқауда отандық, патриоттық, ауған соғысы туралы ән айту, сурет салу, автомат шашып жинау, саптық дайындық, кермеде тартылу және денені көтеру жарыстары ұйымдастырылды.
Түлкібас ауданы бойынша - 60 мектепте 46 спорт зал,18 ыңғайластырылған спорт бөлмелері жабдықталған.
Дене шынықтыру сабақтарын жүргізу үшін 140 спорттық алаңдар, 27 гимнастикалық алаңдар, 42 жүгіру алаңдары жабдықталған. Аудан мектептерінде 363 үйірме жұмыс жасайды. Онда 11700 оқушы спорттың 12 түрінен шұғылданады.
Түлкібас ауданының мектеп оқушыларының қауіпсіздігін күшейту мақсатында бүгінгі күн талабына сай мектептің сыйымдылығына байланысты сыртқы және ішкі бейне бақылау камераларымен нормативтік талаптарға сай қамтамасыз ету мақсатында 46 мектепке бейне бақылау камералары орнатылған.
«No-comment.kz»-ақпарат