Түркістанда «Бала FEST» өнер фестивалі

Түркістанда «Бала FEST» өнер фестивалі
Бала-біздің болашығымыз! Бала-бауыр етіміз. Сондықтан да, сәбилер жүзінен күлкі кетпесе екен деген тілектің әрбір ата- ана жүрегінде лүпілдейтіні белгілі. Әсіресе, ерекше қажеттілігі бар және мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамнан тыс қалмауына баса назар аударудың маңызы зор. 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен Түркістан қалалық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ерекше қажеттілігі бар және мүмкіндігі шектеулі балалардың өнерін көпшілікке таныту мақсатында «Түркістан «Бала FEST» дәстүрлі балалар өнер фестивалі өткізілді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың талабы мен дарынын танытатын фестивальдің мақсаты-- ерекше қабілетке ие балалардың арасында өнердің түрлі жанры бойынша қабілет- қасиеттерін анықтау. Осындай мақсатпен 7-14 жас аралығында қаладағы арнайы мектеп- интернаттар мен оңалту орталықтары тәрбиеленушілерінің қатысуымен киелі қаланың түлеп- түрленуіне орайластырып таңдалған "Түркістан" тақырыбы бойынша хореография, ән , қолөнер шеберлігі жанрларына өткізілген өнер фестивалі еді бұл. Фестивальдің ашылу салтанатына Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Қырықбаев Мекенхан Қозыханұлы қатысып, құттықтау тілегін білдірді. Фестиваль жүлдегерлеріне "Алғыс Хаттар" мен арнайы сыйлықтар тапсырып, естелік суретке түсті.Сондай- ақ Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Тұрманов Бақдәулетте балалардың сыңғырлы күлкісі- бақытты өміріміздің кепілі екендігін айтып, жүрекжарды құттықтау тілегін білдірді:
- Бұл ерекше байқауды бірнеше жылдан бері дәстүрлі өткізіп келеміз. Әрбір өткізген сайын көңілім босап ерекше толқимын. Олардың өмірге құштарлығы керемет!-дейді Түркістан қалалық Мәдениет үйінің директоры Лиза Төлегенқызы Шамет.
Өнердің үш түрінен өткен өнер фестивалінің жеңімпаздарына сый- сыяпаттар тапсырылды. Ерекше балалардың ерекше өнеріне жиналған көпшілік қуана қол соқты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...