Музей қорында сақталған баба алақаны

Музей қорында сақталған баба алақаны
Музей қорында сақталған жәдігерлердің көпшілігінде араб жазулары кездеседі. Мысалы құмандарда, көзе – ыдыстарда, әшекей бұйымдарда, этнографиялық заттарда да кездеседі. Солардың бірі КП - 81 номерлі "Алақан" жәдігері. Бүгінгі жазбада сол “алақанда” қашалған жазуларды білетін боламыз.
Музей қорындағы "алақан" адам алақанының бейнесінде, ағаштан ойылып жасалған. Жалпы адамзат баласы дұғалықты ағашқа, қышқа, мал терісіне, қағаз және темірден
жасалған бұйымдардың беттеріне жазатын болған. "Алақанның” барлық тұсына араб графикасымен, "қазан" баспасымен жазу жазылған. Сол араб жазбаларға үңілетін болсақ бес саусақтың біріншісінде яғни бас бармақта "Кәлима таииба" - "Алладан басқа Жаратушы жоқ Мұхаммед (с.ғ.с) оның елшісі” мағынасында жазылған. Ал қалған төрт саусақта қашалып жазылған жазулар- төрт халифаның аттары яғни Хазрет Әбу Бәкір (р.а), Хазрет
Омар (р.а), Хазрет Оспан (р.а),
Хазрет Али (р.а) Алла оларға
разы болсын деп жазылған.
 
Асетова К.  - «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсоводы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ