Қазақстандық "классиктер" Венгриядағы турнирде ұтылды

Қазақстандық "классиктер" Венгриядағы турнирде ұтылды

Грек-рим күресі шеберлері Венгрияның Будапешт қаласында  өткен рейтингілік турнирде жеңіліс тапты, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

60 келі салмақта белдескен Айдос Сұлтанғали бірінші белдесуде  Оңтүстік Корея өкілі Ким Дахуннан ұтылды.

Ал 130 келідегі Әлімхан Сыздықов бірінші кезеңде тунистік спортшыға есе жіберді. 

87 келідегі Нұрсұлтан Тұрсынов словакиялық балуаннан жеңілді. 

Еркін күрестен Азамат Дәулетбеков қола медаль үшін күресте ұтылған  болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі трансформациялануда. Осы жұмыстың негізгі құралдарының бірі - ҚР...