Соңғы 6 жылда Түркістан облыс орталығы ретінде жаңа серпінмен дамып, өркендеудің алғашқы кезеңін өткерді

Соңғы 6 жылда Түркістан облыс орталығы ретінде жаңа серпінмен дамып, өркендеудің алғашқы кезеңін өткерді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қала тұрғындарымен кездесіп, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің 2024 жылдың алғашқы 4 айдың қорытындысы және алдағы жоспарлар бойынша баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

Түркістанның жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, халық саны 2024 жылдың 4 айында 230,2 мыңға адамға жетті (2023 жылы- 228,0 мың адам). 

Ашық әкімдік жобасы бойынша:
Қазіргі таңда қала әкімдігі жанында «Халықтық кеңсе» мен «1310» Бірыңғай байланыс орталығы тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеуде. Сонымен қатар, қала аумағында 6 сектор құрылып, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста өзекті мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуда.
Халықтық кеңсе арқылыжыл басынан жалпы қызмет алған адамдар саны – 23 942
«1310» Бірыңғай байланыс орталығына 2024 жыл 4 айда 3803 қоңырау түсіп, оның 100% шешімі табылды.

2024 жылдың 4 айында Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 326,3 мың адамға жетті, 2023 жылдың ұқсас кезеңімен (203,4 мың адам) салыстырғанда 37,6% өсті. Сонымен қатар, шетелдік туристер саны 4,3 мың адамға жетті, яғни өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 58,1% өсті (2023 жылы осы кезеңде 1,8 мың адам).


Тұрғын үй
2024 жылға пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің жалпы алаңы 394,5 мың ш.м. (3967 пәтер)жоспарланса (көп қабатты тұрғын үй 303,7 мың ш.м, жеке тұрғын үй 90,8 мың ш.м.), 4 айда нақты 60,6 мың ш.м пайдалануға берілді(көпқабатты тұрғын үйлер – 24,0 мың ш.м, жеке тұрғын үйлер – 36,6 мың ш.м).
Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция көлемі 14,5 млрд.теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда, Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 16 645 азамат тіркеліп тұр.
Сонымен қатар, 2024 жылы кезектегі азаматтарға тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 1314 пәтерді сатып алуға қаржы қарастырылып, сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
«Отбасы банк» арқылы 66 тұрғын үйдің 3317 пәтерін сату жоспарланып, бүгінгі таңға 2351 пәтері сатылды.

Қала аумағында 76 мектеп (52668 оқушы) бар болса, оның 34 мемлекеттік (42115 оқушы), 42 жекеменшік (10553 оқушы).
Қала аумағында мектептердің мәселесін шешу мақсатында 8 мектептің құрылысы 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» жобасы арқылы жүзеге асыру жоспарланса, оның 3-і (ӘІО – 2 (әр қайсысы – 2 000 орындықтан), Яссы тұрғын алқабы – 1 (1 200 орындық))2023 жылы құрылысы басталды.
2023 жылы 10 жеке меншік мектептер іске қосылып (2 686 бала жаңа ғимаратпен қамтылды), 2024 жылы 6 жеке меншік мектеп іске қосылды (250 бала жаңа ғимаратпен қамтылды).
Қаладағы4 мектептің (№7 С.Ерубаев, №9 Некрасов, №31 Абай мектебі, №17 Ататүрік) ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына, 6 мектептің және 7 балабақшаның ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарынақаржы бөлінді.

Әлеуметтік сала
Қала аумағында аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде атқарылуда. Атап айтсақ, 2023 жыл қорытындысымен 4 150 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленсе, 2024 жылдың 4 айында 1745 отбасыға тағайындалды.
Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 5 973 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары берілді, 2024 жылдың 4 айында 2981 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілді.
Ағымдағы жылдың 4 айында Ұлы отан соғыстың 1 ардагеріне, 413 соғыс ардагеріне теңестірілген, 302 тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсетілді.
Өткен жылы 5 839 астам мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жүйелі түрде әлеуметтік көмек көрсетілсе, 2024 жылдың 4 айында 2862 азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен деңсаулығына оң жағдай жасау мақсатында ашылған «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» өткен жылы 2 983 адамға қызмет көрсетсе, 2024 жылдың 4 айында 1320 адамға қызмет көрсетті.
Ағымдағы жылдың сәуір айында «Бекзат» тұрғын алқабынан орталықтың филиалы ашылып «Белсенді ұзақ өмір» бөлімшесі іске қосылып, 90 адамға қызмет көрсетілді.

Жұмыспен қамту
Қаламыздың еңбек индикаторындағы негізгі міндет жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша біраз жұмыстар атқарылып нәтижесінде 2023 жылдың қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады.
2024 жылы «Еңбек» бағыты бойынша 8 513 азамат жоспарланса, 4 айдың қорытындысымен 3661 азамат белсенді шараларға тартылды.

Мәдениет және спорт
Қала аумағында 2024 жылы 68 мәдени іс-шаралар өткізіледі деп жоспарлануда. Оның ішінде, бүгінгі таңда «Жас толқын -2024» аймақтық эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілері байқауы, «Naur«Nauryz Big Fest» Халықаралық фестивалі, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет» атты іс-шарасы, «Қонаев – ғасыр адамы» атты танымдық-мәдени іс-шара, «Әлемді жүрегімен әлдилеген» атты салтанатты іс-шара, «Қош келдің Әз-Наурыз» мерекелік іс-шара мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді.
Түркістан қаласында 500 орындық Мәдениет үйінің құрылысы жүріп жатыр, ағымдағы жылы пайдалануға тапсырылады.

Қоғамдық қауіпсіздік
2024 жылдың 4 айында қала аумағында құқықбұзушылық саны – 252 құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен 6,0%-ға төмендеген, қылмыстар – 217 (5,7%), теріс қылық – 35 (7,9%-ға артқан), ауыр санаттағы қылмыстар – 86 (8,5%) төмендеген.
Одан бөлек, сектор қызметкерлерімен бірлесе ортақ пайдаланатын орындарды ластағаны үшін жыл басынан 3324 азаматқа, абаттандыру қағидаларын бұзған үшін 628 азаматқа, жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа жол құрылыстарын бұзғаны үшін 434 азаматқа айыппұл салынды.


Ауыз сумен қамтамасыз ету
Түркістан қаласында 44548 абонент ішінде ауыз сумен 44102 абонент, яғни 98,9% қамтамасыз етілген.
Анықтама
Су алу көздері Біресек(1590 м.куб/сағ)жәнеМырғалымсай(3200 м.куб/сағ). Су жинау резервуарларына 72 000м/куб су жиналып, халыққа берілуде (Шобанақ 4 дана (40 000 м/куб), Б.Майлина 5 дана (16 000 м/куб), ӘІО- 2 дана (16 000 м/куб), «Түркістан Су» МКК -21 ұңғыма, «Арыс теміржолы» ЖШС - 14 ұңғыма).

2024 жылы 2 нысанның құрылысы (№1, 2 мөлтек аудандар және Ремзауыт аумағындағы ауыз су құбырларын қайта жаңғырту; Түркістан қаласы Сұлтанов (н/з) көшесіндегі «Сельмаг» су жинау ғимаратын қайта құру» (2600 м/куб, 2 дана)) жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін пайдалануға тапсыру жоспарланып, нәтижесінде жыл қорытындысымен таза ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 99,5%болады.

Кәрізбен қамтамасыз ету
Қалада орталықтандырылған кәріз жүйесімен 36,5% немесе 16 336 абонент қамтылған. Жыл қорытындысымен 55,8%-ға жеткізу жоспарлануда.
Жалпы бүгінгі таңға 17 жобаны іске асыру жоспарланып, 2 нысан 2023 жылы пайдалануға тапсырылды, қазіргі таңда11 нысанның құрылысы жүргізілуде, 4 нысан құрылысы республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды (Шавгар ықшам ауданы Ортақ тұрғын алабының кәріздік желісін салу (3-кезек); Баянауыл шағын ауданындағы кәріз жүйелерінің құрылысы; №14 пен №15 КНС аралығындағы сарқынды су жүйесінің құрылысы»; Иассы шағын ауданы, Бірлік тұрғын үй массивін кәріз жүйелерінің құрылысы (2-кезек)).
Аталған жобалар толықтай іске асырылған жағдайда қала аумағы 95% сарқынды су желісімен қамтамасыз етілетін болады.

Электр қуатымен қамтамасыз ету
Түркістан қаласында 44 548 электр абонентінің44 102абоненттері сапалы электр қуатымен қамтылған.
Ағымдағы жылы1 нысанның құрылысын(Тәуке хан даңғылы, Қазыбек би, М. Абенов, Төле би, Н. Төреқұлов, Н. Тынышқұлов көшелері бойында 10-0,4 кВ кабель желілерін салу құрылысы (түзету))аяқтау жоспарланып,нәтижесінде қосымша 4520 астам абонент сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі.
3 нысан құрылысын қаржыландыруға республикалық бюджетке ұсынылды, абонент саны 2 704(Айбергенов көшесі бойындағы 35-0,4 Кв кабель желілерін салу, Бірлік 2 және жобадан тыс қалған 7 нысанды электрмен қамту, Түркістан қаласындағы электр қондырғылары мен электр желілерін қайта жаңғырту құрылыс жұмыстары).
Бұл өз кезегінде қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтуды 99,0%-дан 99,5% жеткізеді.

Табиғи газбен қамтамасыз ету
Бүгінгі күні көгілдір отынды 39 667абонент немесеқала тұрғындардың 98,0% дербес шот ашып пайдалануда.
Өткен жылы басталған Отырар мөлтек ауданындағы5 қабатты 36 тұрғын үйді 2 136пәтерді газбен қамтамсыз етуқұрылысы аяқталып, дербес шот ашу жұмыстары жүргізілуде.

Жол саласы
2024 жылдың қорытындысымен қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 59,1%-ға жеткізіп,қаладағыасфальт жолдарды 499,5 шақырымға жеткізу жоспарлануда.
Аталған межеге жеткізу мақсатында, қала аумағында 4 нысанда құрылыс жұмыстары атқарылуда, 2 көпір салынуда және сарқынды су жүйесі жүргізілген сондай-ақ, қоғамдық көліктер қатынайтын 115,6 шқ құрайтын 129 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Анықтама
1. Ә.Жангелдин көшесі – 3,8 шақырым.
2. І.Қожабаев көшесі – 5,6 шақырым.
3. Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жол – 2,5 шақырым.
4. Б.Қалаби көшесін реконструкциялау (О.Жандосов – Ж.Майкөтов аралығы) – 7 шақырым. Нысан іске асқан жағдайда, индустриалды аймақтан шығатын ауыр жүк көліктерінің және Балтакөл бағытынан келетін жүргізушілердің Шымкент тас жолына тікелей шығуына, қаланың ішкі көшелеріндегі көлік кептелісінің азайуына ықпалы тиеді.
5. Бекзат мөлтек ауданы, Теміржол вокзалы аумағына орнатылатын жаяу жүргіншілер көпірі (ПК5+45, 3106 км).
6.Бекзат мөлтек ауданы, Түрік ауылының аумағына орнатылатын жаяу жүргіншілер көпірі (ПК2+50, 3103 км).

Қала аумағында жалпы 458 аялдама қажеттілік бар болса,бүгінгі таңға276 аялдама жаңартылып орнатылған,қосымша қажетті 182 аялдама кезең-кезеңімен жаңартылатын болады.

Қоғамдық көлік
Түркістан қаласында қазіргі уақытта 22 қоғамдық көлік бағыты бар («Жолаушы» ЖШС-і 16 қалаішілік бағыт, «ТехПрофАвто» ЖШС-і 6 бағыт). Оларға 2 тасымалдаушы мекеме сыйымдылығы жоғары 210 автобустармен қызмет көрсетеді.
Түркістан қаласы облыс орталығы статусын алғалы қалаға жаңа 210 автобус (оның ішінде, 2021 жылы - 46; 2022 жылы – 40; 2023 жылы – 78. «Жолаушы» ЖШС 106 автобус, ТехПрофАвто» ЖШС58 автобус; 2024 жылы «Жолаушы» ЖШС 46) алынған. Жақсы жағдайдағы автобустардың үлесі 100%-ға жеткізілді. Одан бөлек, тұрғындардың өтініштеріне сәйкес жыл соңына дейін қала аумағында қосымша жаңа бағыттар ашылатын болады. Қоғамдық көліктерде электронды билеттендіру жүйесі енгізілген.

Түнгі жарықтандыру
Өткен жылы 84 көшеге жарықтандыру жүргізіліп, нәтижесінде 757 көшесі (895,8 шқ құрайтын) түңгі жарықтандыру жүйесімен қамтамасыз етіліп, қаламыздың жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесі 86,5%-ды құрады.
2024 жылы 230 көшеге жарықтандыру жүргізіп, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелердің үлесі 95%-ғажеткізу көзделуде.
Абаттандыру саласы
2024 жылы жалпы 49 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, 23 нысан ойын алаңшалары, 4 саябақ пен сквер (Керей хан көше бойындағы сквер; Бекзат м/а саябақ; Бекзат аллеясы; Төреқұлов көшесіндегі саябақ; Шипа су аумағындағы саябақ; Ботаникалық бақ аумағындағы сквер; Шаяхметов көшесіндегі сквер; Жандосов көшесіндегі аллея)және 22 нысан негізгі көшелерді (Қазыбек би, Қожанов, Тауке хан, Байбұрт, Алматы, Ерубаев және т.б.) көгалдандыру жүйелері ағымдағы жөндеуден өтуде.
Көгалдандыру
Күтіп-баптау жұмыстары жалпы 258 нысанда аумағы 626 га құрайды(оның ішінде, 32 саябақ (318 га), 49 сквер, аллеялар (89 га), 56 көшелер (92 га), 16 жасыл алқаптар (127 га)).
Күту жұмыстары қаңтар айынан желтоқсан айы аралығанда жыл бойы жүргізіледі. Жалпы қала аумағындағы нысандарды күтіп ұстау жұмыстарын «Жасыл Түркістан» КММ-нің 250 көгалдандыру жұмысшыларымен бірге мердігер мекемелер тарапынан 2200 жұмысшы жұмыс атқарады. Тазалау, суғару, қоқыс шығару, жасыл желектерді күтуге арналған, саябақтармен аллеялардағы аяқ жолдарды тазалауға және ағаштарды бұтауға, сыпырумен жолақтарды жууға арналған т.б жұмыстар жүргізетін 211 үлкен – кіші техникалар жұмыс атқарады.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі трансформациялануда. Осы жұмыстың негізгі құралдарының бірі - ҚР...