Түркістан қаласында санитарлық тазалықпен қамтамасыз етілген көшелер саны – 875. Оның ішінде 136 көше механикалық жолмен тазаланады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
1-кезектегі көшелер - күнделікті тазаланады;
2-кезектегі көшелер – аптасына 2-3 рет тазаланады;
3-кезектегі көшелер (жаңа қоныстанған шеткі көшелер) – аптасына 1 рет тазаланады.
«Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС-де 271 адам жұмыс істейді. Жұмысшылар саны - 216 (2024 жылы жұмысшылардың жалақысы 10%-ға көтеріліп, қазір орташа жалақысы 120 мың теңгені құрады).
«Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС теңгерімінде 36 техника бар
(10 дана қоқыс таситын автокөлік, 6 дана көшені жуатын автокөлік, 7 дана камаз автокөлік, 5 дана трактор тіркегішімен, 3 дана погрузчик, 1 дана манипулятор, 1 дана автовышка, 3 дана тротуар сыпыратын көлік).
Қала аумағы 6 секторға бөлінген, секторлардағы санитарлық тазалық 6 ИП арқылы жүзеге асуда. Міндеттерін дұрыс атқармаған тазалық бойынша жұмыс жасайтын кәсіпкерлермен келісім-шарт бұзылады.
Түркiстан қалалық мәслихатының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 5/27-VIII шешiмiне сәйкес бекітілген тариф төлемі жайлы үйлерге (көп қабатты үйлердегі пәтерлер) 1 тұрғынға айына - 200,82 теңге ҚҚС-мен, жайлы емес үйлерге (жер үй) 1 тұрғынға айына - 255,14 теңге ҚҚС-мен құрайды. Жиналған қаржылар қоқыс тазарту шығындарын өтеуге бағытталады.
Қоқыс тазалайтын мекеме тарапынан жағдайы төмен, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға тиісті құжаттарын қосып өтініш қалдырса жеңілдік қарастырылады.
Стихиялық қоқыс алаңына айналу қаупі бар аймақтар зерделеніп, нәтижесінде Батыс Еуропа-Батыс Қытай айналма жол бойындағы бос жатқан 17 гектарға 30 мың ағаш отырғызылып, «Тұран» тыным бағына айналды. Сонымен қатар қала ішінде Хақназархан көшесі бойындағы 8,5 гектар бос жер тұрғындардың өтінішімен тазаланып, «Руханият» саябағы салынды, мұнда 8 мың тал егіліп, 6 га аумаққа көгал (газон) төселіп, 2 жерден комплексті ойын алаңшасы құрылды.Төле би көшесінде анықталған бос 3,4 гектар алаңы қоқыстан тазарып, 3000 тал егілді, 3 га көгал төселіп, арнайы балалар ойын алаңшасы жасақталды. Қазіргі таңда «Төлеби» саябағы ел игілігіне берілген.
Қаламызда жалпы 258 нысан 626 га аумағымен күтіп-баптау жұмыстарымен қамтамасыз етілген. 32 саябақ (318 га); 32 сквер- аллеялар (59 га) бар. Облыс орталығындағы көгалды аймақ бүгінде 262 гектарға, жыл сайынғы көгалдандыру жұмыстарының нәтижесінде егілген ағаш саны 925 704 данаға жетті. Гүлді аймақтар - 8 га.
Аэроғарыштық түсірілім нәтижесінде анықталған 9 стихиялық қоқыс алаңдары (Төреқұлов көшесінде 2 алаң, Керейхан көшесінің бойы, Хақназархан көшесінің бойы, Ж.Майкотов көшесінің бойы, Бірлік секторының аумағы, Кентау тас жолының бойы, Ә.Юсупов көшесінің бойы және Батыс Еуропа – Батыс Қытай айналма жолы бойы) «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС мен мердігерлер тарапынан демеушілік есебінен арнайы техникалар жұмылдырылып, жойылды.
Түркістан қаласындағы қоқыс полигоны қаладан оңтүстікке қарай 6 шқ, Түркістан-Шәуілдір автожолдан батысқа қарай 1,6 шқ жерде орналасқан.
Учаске барлық жағынан бос жерлермен шектеседі. Ең жақын тұрғын үй құрылысы (Шойтөбе ауылы) шығыстан 1,5 шқ қашықтықта орналасқан, полигонның жалпы ауданы 17,85 га (кадастрлық нөмірі 19- 307-039-111).
Қоқыс полигоны 2010 жылдан бастап пайдалануга берілген, жобалық сыйымдылығы - 1 млн 250 мың тонна, пайдалану мерзімі – 25 жыл.
Полигонға келіп түскен қоқыстардың ішінде қайта өңдеуге жататын қалдықтар (пластик, шыны, темір, қағаз-картон) сұрыптаудан өтіп, қайта өңдеуге жолданады.
ҚТҚ полигонының жұмыс тәртібі 24 сағат/тәулік. ҚТҚ полигонында көмуге 5 қауіптілік сыныбының қалдықтары жатады.
Бүгінгі таңға жиналған қалдықтардың нақты көлемі 149,7 мың тоннаны құрайды. Полигон қалыпты жағдайда жұмыс атқаруда, қауіпсіздік шаралары тұрақты бақылауда. «Таза Қазақстан» экологиялық акция аясында:
Жалпы қала аумағындағы орталық маңызы бар көшелердегі кәсіпкерлік нысандар мен қасбеттерін реттеу бойынша Түркістан қаласының әкімдігінің 14 мекемесіне 32 көше бекітіліп, мердігер мекемелерді ұйымдастыру арқылы тиісті жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 3839 нысан сараланып, жөндеуді қажет ететін 1562 нысан анықталды. Оның 1483-і ретке келтірілді (қалғаны жұмыс барысында).
Көп қабатты үйлердің қас беттері мен аулалары және суару жүйелері қайта жаңартылды.
Көп қабатты үйлер алдына жаңадан 297 дана қоқыс салғыштар орнатылды.
Орталық көшелер бойына жаңадан орындықтар мен қоқыс салғыштар (110 дана) орнатылды
Саябақтар мен скверлерге толық тазарту жұмыстары жүргізілді.
Акция кезінде әр апта сайын 10 мыңға жуық тұрғын әрбір аулалар мен үйлер алдына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Акция аясында тұрғындардың қатысуымен 6 сектордағы ішкі көшелерді ретке келтіру бойынша 72 сенбілік, мемлекеттік мекемелер мен ведомстволардың жұмылуымен қаланың 45 аумағында 7 сенбілік, жалпы 79 сенбілік өтті.
Өзекті мәселелерді шешу бойынша:
- Тазалық мәдениетін қалыптастыру, халықты тазалыққа үйрету мақсатында учаскелік полиция инспекторы, сектор маманы және қоғам белсенділерін тарта отырып, 10 мобильді топ құрдық. Мобильді топ жұмысының нәтижесінде, жыл басынан бері:
- Ортақ пайдалану орындарда ластау дерегімен ӘҚБтК 434-2 бабы бойынша 3781 хаттама толтырылды.
- Абаттандыру қағидатын бұзу дерегімен ӘҚБтК 505- бабы бойынша 778 хаттама толтырылды.
- Жол жабындысын бүлдіру дерегімен ӘҚБтК 630-бабы бойынша 456 хаттама толтырылды.
Салынған айыппұл мөлшері 64 млн. теңгеден асты. Атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беруде. Тұрғындар белгіленбеген орынға қоқыс тастамауға, қоқысты кестеге сәйкес шығаруға дағдыланып келеді. - Тазалық жұмыстарын қамтамасыз етуде қажеттілігі туындаған қоқыс тазалайтын 9 арнайы техниканы лизингпен алуды жоспарлап отырмыз (5 қоқыс тасымалдаушы, 2 жол тазалайтын және 2 погрузщик). Техниканы жаңарту қажеттілігіне қарай тұрақты түрде жүзеге асырылатын болады.