Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаевты қабылдады

Кездесу барысында еліміздің дамуына және өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы аға буынды Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға, атап айтқанда жастарды нашақорлық, лудомания секілді әлеуметтік кеселдерден сақтандыру, отбасы институтын дәріптеу ісіне белсенді атсалысуға шақырды. 

Өз кезегінде Өмірзақ Озғанбаев Президентке ауылдық жерлерді дамытуға қатысты пікірін айтты. Сондай-ақ «Ардагерлер ұйымының» бастамасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспары жөнінде баяндады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

26 мая 2026 года в городе Алматы и селе Бескайнар Талгарского района состоялись общественные слушания по проекту Отчёта о возможных воздействиях на...

Жиын барысында полиция қызметкерлеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда,...