Кетамин, a-PVP және мефедрон: ІІМ есірткі курьерлерін құрықтады

Кетамин, a-PVP және мефедрон: ІІМ есірткі курьерлерін құрықтады

Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына қарсы жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі.

Алматыда полицейлер 56 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оның автокөлігі мен пәтерін тінту кезінде 220 грамнан астам кетамин психотроптық заты тәркіленді.

Шымкентте полиция қызметкерлері 21 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оны жеке тінту кезінде салмағы жарты килограмм болатын синтетикалық есірткі тәркіленді. Жігіт оны қала аумағында өткізбек болған.

Павлодарда полицейлер 32 жастағы әйелді ұстады. Оны жеке тінту кезінде бір жарым килограмға жуық a-PVP және шамамен 30 грамм мефедрон тәркіленді. Күдіктінің әлеуметтік желі арқылы есірткі курьері жұмысын тауып, тыйым салынған заттарды өткізу үшін Алматыдан Павлодарға арнайы келгені анықталды.

Қарашаның бірінші онкүндігінде барлығы 56 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның 35-і қылмыс.

10 күн ішінде 35 фигурант ұсталды, оның ішінде: 19 адам есірткі өткізу фактілері бойынша; 3 адам есірткіні аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін; 8 адам контрабанда үшін; 3 адам улы заттардың заңсыз айналымы үшін; 1 адам есірткі өсіргені үшін; 1 адам есірткіні насихаттағаны және жарнамалағаны үшін.

Заңсыз айналымнан 200 килограмнан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 190 кг марихуана, шамамен 13 кг синтетика және 4 кг гашиш бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Қазақстан өңірлерінде өнеркәсіптік, әлеуметтік, спорттық, көлік инфрақұрылымын және шұғыл ден қою...

Түркістан қаласында азық-түлік саудасы мен қоғамдық тамақтану саласының тиімді жұмыс істеуі өнімдерді дұрыс сақтау және жеткізу жүйесіне байланысты. Әсіресе...

Ербол Мырзабосынов Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. 100 келіге дейінгі салмақ...