Итальяндық «Rota Guido» компаниясының технологиясын енгізуге келісім жасалды

Итальяндық «Rota Guido» компаниясының технологиясын енгізуге келісім жасалды

Түркістан облысы, Кентау қаласында 72,9 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,3%-ға артты.

Басым бөлігін өсімдік және мал шаруашылығы құрады. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 12 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды. Сонымен қатар, 2021 жылы «Түркістан Агро XXI» ЖШС 1200 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салуды жоспарлауда. Бүгінгі таңда Итальяндық «Rota Guido» компаниясының технологиясын енгізуге келісім жасалған. Сондай-ақ, «SPK-SAURAN» кәсіпорны 10 мың бас ірі қара бордақылау алаңын салу жоспарланып отыр. Жоба құны –7,5 млрд.теңгені құрайды. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инфестициялар көлемі 190%-ға артығымен орындалып, 285 млн.теңгеге жеткен. Ірі қара мал басы 100 мыңнан асып, уақ мал 500 мыңға жетті. Жылқы саны 18 мыңға жуықтап, түйе 3 мың басты құрады. Жыл қорытындысы бойынша құс басы 14%-ға артып, 200 мыңға жеткен. 17 мың тонна ет, 65 мың тонна сүт, 100 мыңға жуық дана жұмыртқа өндірілді. Кентау қаласында 460 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Қала бойынша 17 гектардан астам алқапта жылыжай іске қосылды. 90 мал бордақылау алаңдары ашылды. Кентаудағы 5 мың гектарға жуық алқапқа күздік бидай егілді. Бүгінде Кентау қаласында 127 бірлік техникалар жаңаланып, тапсырма 100 пайызға орындалған.

«No-comment.kz»- ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...