МАҚТАРАЛ АУДАНЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ МИКРОБИЗНЕС ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

МАҚТАРАЛ АУДАНЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ МИКРОБИЗНЕС ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Ауданда асфальт-бетон өнімдерін өндіру, май өндіру, тамақ өнеркәсібі, сусындар шығару бойынша кәсіпорындары артты.

Мақтаарал ауданында мақта өнімдерін өндірумен қатар күріш өңдеу өнеркәсібі де қарқынды дамуда. Ауданда асфальт-бетон өнімдерін өндіру, май өндіру, тамақ өнеркәсібі, сусындар шығару бойынша кәсіпорындары артты.

Нәтижесінде былтырғы жылы Мақтаарал ауданындағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 16 млрд.теңгеге жеткен. 2019 жылы бұл көрсеткіш 10,7 млрд. теңгенің көлемінде болған. Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі де жоспардан асыра орындалып, 14 млрд. теңгеге жеткен.

Шағын және микробизнес ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында маңызды рөл атқаратыны белгілі. Яғни, тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, жұмыссыздық деңгейін төмендетеді. Бұл ретте ауданда 10 мыңнан астам кәсіпкерлік бірліктері тіркелген. Өткен жылы аудан кәсіпкерлері жеңілдетілген пайызбен түрлі несие ұйымдарынан 556,4 миллион теңге несие алып, жаңа жобалар бойынша жұмыс жүргізген.

Мәселен, былтыр жеке кәсіпкер К.Қосаеваға тиесілі жалпы құны 105 миллион теңгені құрайтын күріш өнімін өңдейтін шағын зауыт іске қосылып, 15 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. 2020 жылы кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында 3 мыңнан астам азаматтарға кеңес, 150-ге жуық сервистік қызметтер берілген. 133 кәсіпкерге заңгерлік қолдау көрсетілді.

 

 «No-comment.kz»- ақпарат

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...