Түркістан облысы Төлеби ауданында өткен жылы ауданда жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша 149 азамат грант иеленіп, өз кәсібін бастаған. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы тиімді жүзеге асырылып келеді.
Грантты иеленушілердің басым бөлігі мал және құс шаруашылығы, кондитерлік, қызмет көрсету салалары бойынша істерін жүргізуде. Мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін грантты көпбалалы отбасылар, жастар, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік көмек алушылар ала алады.
Жалпы, шағын несиемен қамту бағытында 58 азамат мал шаруашылығы, 3 азамат көлік қызметі үшін қаржылай қолдау қорларынан несие алған. Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша «Кәсіпкерлік негіздеріне» карантинге байланысты жоспарлы онлайн оқытуға басымдық берілді. Нақтырақ айтсақ, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету палатасында» 650-ге жуық азамат оқуын аяқтаған.
«No-comment.kz»- ақпарат