ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ӨЗ КӘСІБІН БАСТАҒАН ТҰРҒЫНДАР

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ӨЗ КӘСІБІН БАСТАҒАН ТҰРҒЫНДАР

Түркістан облысы Төлеби ауданында «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы тиімді жүзеге асырылып келеді.

Өткен жылы ауданда жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша 149 азамат грант иеленіп, өз кәсібін бастаған.

Грантты иеленушілердің басым бөлігі мал және құс шаруашылығы, кондитерлік, қызмет көрсету салалары бойынша істерін жүргізуде. Мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін грантты көпбалалы отбасылар, жастар, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік көмек алушылар ала алады.

Жалпы, шағын несиемен қамту бағытында 58 азамат мал шаруашылығы, 3 азамат көлік қызметі үшін қаржылай қолдау қорларынан несие алған. Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша «Кәсіпкерлік негіздеріне» карантинге байланысты жоспарлы онлайн оқытуға басымдық берілді. Нақтырақ айтсақ, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету палатасында» 650-ге жуық азамат оқуын аяқтаған. 

 «No-comment.kz»- ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...