ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІН ӨНДІРУДЕ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ КӨШ БАСЫНДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІН ӨНДІРУДЕ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ КӨШ БАСЫНДА

Қазығұрт ауданы ауыл шаруашылығы саласында былтырғы жылдың қорытындысымен Түркістан облысы бойынша көш бастады.

Аудан экономикасының басым бағыты болып табылатын ауыл шаруашылығында өткен жылы 46 млрд 188,3 млн теңгенің өнімі өндірілген. Оның ішінде, мал шаруашылығы - 28 млрд 239,9 млн теңгені, ал егін шаруашылығы 17 млрд 862 млн теңгені құраған.

Сондай-ақ, ауданда егіс көлемі 88 629,2 гектарға жетіп, 2019 жылмен салыстырғанда 4 102,4 гектарға артқан. Мәселен арпа, бидай өнімдерінен 47 257,5 гектардан 115 780,8 тонна астық жиналған. Яғни, әр гектарынан орта есеппен 24,5 центнер болса, көкөніс, картоп, бақша дақылдарынан 19,8 мың тоннаға жуық өнім жиналған.

Ал, мал өнімдері 2020 жылдың қорытындысымен 25,8 мың тонна ет, 56,9 мың тонна сүт, 7,2 мың дана жұмыртқа өндірілген. Мал басы санын көбейтуде ірі қара мал басы - 85 мың басқа, қой-ешкі - 357,2 мың басқа, жылқы - 34 мыңға жеткен.

Жоғарғы көрсеткішпен аудан «ALTYN KUZ - 2020» ауыл шаруашылығы мерекесінде «Астық өндіруші озат аудан», «Ет өнімдерін қайта өңдеуден озат аудан» номинацияларын жеңіп алды. Сонымен қатар, диқандар мен шаруалардың қажырлы еңбегінің арқасында «Агроөнеркәсіп кешенінің даму бағдарламасы көрсеткіштерін орындаудан озат аудан» аталымы бойынша жүлделі 1-орынға ие болды.

«No-comment.kz»- ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...