ТҮРКІСТАННАН ЫСТАНБҰЛҒА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАННАН ЫСТАНБҰЛҒА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ

 Қазақстан 24 ақпаннан бастап Түркістаннан Ыстанбұлға халықаралық рейс ашады.

Қазақстандық әуе компаниялары («Эйр Астана» және SCAT) бұл бағытта аптасына төрт рейс орындайды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Тиісті шешім эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне және Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне байланысты қабылданды.

Аталған шешімге сәйкес, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Украинаға келесі бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайтуға рұқсат етілді:

Алматы-Ташкент-Алматы: аптасына 4-тен 8 рейске дейін («Эйр Астана» мен Uzbekistan Airways 2 рейсі қосылады);

 Алматы-Бішкек-Алматы: аптасына 3-тен 5 рейске дейін («Эйр Астана» 2 рейсі қосылады);

Алматы-Киев-Алматы: аптасына 1-ден 2 рейске дейін («Эйр Астана»1 рейсі қосылады). Ескере кету керек, рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

«No-comment.kz»- ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...