Бүгін Якутск қаласында VIII “Азия балалары” халықаралық ойындарының алғашқы жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Самбодан Қазақстан құрамасы 1 алтын, 4 қола медаль жеңіп алып, команданы үздіктер қатарына шығарды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық құрама сапында сынға түскен Шымкент қаласының спортшысы Әбіш Пердалы 46 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты. Жарыс жолындағы қарсыластары төмендегідей:
1/8 финал
Әбіш Пердалы
1/4 финал
Әбіш Пердалы 4:0 Батмагнай Сайннямбу
1/2 финал
Әбіш Пердалы 3:1 Талантбеков Нурсултан
Финал
Әбіш Пердалы 4:0 Романюк Максим
Сондай-ақ, қыздар арасында 65 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз Тұрлыбек Гүлсезім қола жүлдені қанағат тұтты.
1/8 финал
Тұрлыбек Гүлсезім
1/4 финал
Тұрлыбек Гүлсезім
1/2 финал
Тұрлыбек Гүлсезім 1:3 Малова Варвара??
Жұбаныш белдесу
Тұрлыбек Гүлсезім 4:0 Темирханова Асема
Жеңімпаз бен жүлдегерлерді марапаттау рәсімін ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Есет Байтасов қатысты. Айта кетейік, ұлттық құрама сапында ел намысын 21 спорт түрінен 200-ден астам өреніміз қорғайды.
Бұған дәстүрлі пәндер де, танымал бола бастаған жаңа спорт түрлері де кіреді. "Азия балалары" халықаралық ойындары континенттің түкпір-түкпірінен келген жас спортшыларға өздерінің таланттарын көрсету, тәжірибе алмасу және елдер арасындағы достық байланыстарды нығайту үшін бірегей алаң ұсынады.
Жарыс жалғасуда және біздің спортшылар шешімді. Олар өздерінің ең жақсы нәтижелерін көрсетуге және әр спорт түрінен медаль алу үшін күресуге дайын. Біз олардың жетістіктерін қадағалап, оларды жаңа жеңістерге ұмтылуда қолдаймыз.
"Азия балалары" халықаралық ойындары жас спортшылардың спорттық мансабындағы маңызды кезеңге айналып, олардың дамуына және жаңа биіктерге жетуіне көмектеседі. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз және Қазақстан құрамасының одан әрі жетістіктеріне үміттенеміз!