СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ҚОЯН ӨСІРІП ТАБЫСҚА КЕНЕЛМЕК

СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ҚОЯН ӨСІРІП ТАБЫСҚА КЕНЕЛМЕК

Түркістан облысының Созақ ауданында қоян шаруашылығымен айналысатын азаматтардың қатары артып келеді.

Мәселен өткен жылы мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасының «Бастау бизнес» жобасы аясында ерекше бизнес-идеяларды жүзеге асыруға ниетті 397 адамға 555 мың теңгеден қайтарымсыз грант берілген. Қаржылай қолдауға ие болғандардың арасында аз қамтылған отбасы мүшелері, мүгедектер және бұрын сотталған азаматтар бар. Руслан Оңасынов жазасын өтеп шыққан соң қоян шаруашылығын дамытуды жоспарлайды. Алайда ол үшін қомақты қаржы керек. Ол бірдан «Бастау бизнес» жобасы аясында 1 ай оқып, өз жобасын қорғады. Грант ұтып алғаннан кейін кәсібін ашады. Қазір 35 бас қоян сатып алып, көбейтіп жатыр. Істің көзін білетін жігіт табыссыз болмайтынына сенімді.
«Қарау қиын емес, жем-шөбі болса болды. Сәбізі бар, бидайы бар, жоңыршқа ғой негізгісі. Тапсырыс көп, бірақ қазір сатып жатқан жоқпын. Алдымен 200 басқа дейін көбейтіп алу керек болып тұр. Терісін киім тігу үшін сұрап жатқандар бар. Жақсы, бағуға болады. Үлкейтіп, жұмысшы аламыз әлі»,-дейді Созақ ауданының тұрғыны Руслан Оңасынов.
Созақ аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Ақмарал Төлепбергенованың айтуынша, 2021 жылы 70 азаматқа гарант беру жоспарланып отыр.

«No-comment.kz»- ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...