ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Биыл жалпы 65 шағын жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл 300-ге тарта жергілікті халықтың жаңа жұмыс орындарымен қамтылуына мүмкіндік береді.

Ал, 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 240 жаңа жұмыс орнын құрайтын 62 жоба жүзеге асырылған. Осылайша ауданда шағын және орта бизнес 9 166-дан асқан.

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында қаржы ұйымдары арқылы өткен жылы 4 635 тұлғаға 4 млрд 554,3 млн. теңге несие берілген. Негізгі басым бағыттар – ауыл шаруашылығы саласы бойынша. Сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы арқылы жалпы құны 861,2 млн. теңгелік 34 жоба ұсынылып, оның ішінде 22 жоба 565,2 млн. теңгеге қаржыландырылған. Қалған жобалардың құжаттары рәсімделуде.

Кәсіпкерлікке бет бұрған азаматтар карантинге байланысты «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Қазығұрт аудандық филиалы арқылы онлайн негізде дәріс алған. «Бастау бизнес» жобасымен 273 тұрғынға қайтарымсыз 555 600 теңге грант берілген.

 «No-comment.kz»- ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...